4. Ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:
А) жеке технология ретінде;
В) оқу пәнінің бөлімін, тақырыбын ұғып меңгеру үшін,
С) кең көлемді технология бөлігі ретінде;
Д) сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдерінде
Е) барлық жауап дұрыс
Әдебиеттер: 1.Ерсарина А.К., Елисеева И.Г. Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе. Методические рекомендации. ГУ ННПЦ КП, Алматы, 2019. – 111 с.
2.Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс: Учебное пособие, Алматы, 2014. – 236 с.
3.Абаева Г.А., Төребаева К.Ж., Оразаева Г.С. Арнайы педагогика: Оқу құралы - «Medet group» ЖШС, 2014.
4.Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: Учебное пособие. – Алматы: L-Pride, 2013. – 280 c.
5.Педагогика инклюзивного образования. Под ред. Н.М. Назаровой. Учебник. – Москва. Инфра-М 2019.
6. Оспанбаева М.П.. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: -Алматы, 2019.
7.Бахтиярова, Г. Р., Кеншілікова К. М. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері: оқу құралы. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.
8.Оразаева Г.С. Включения детей с ОВ в общеобразовательный процесс. Хабаршы / Арнайы педагогика сериясы, №2(37), 2014 ж.
9.Жубакова С.С. Теория и практика инклюзивного образования: Учебное пособие. Алматы: CyberSmith, 2017. – 153 c.
Тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиялары
Сағат саны: 4
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздері
2.Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялар
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар
4.Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері мен тәртібі
Дәріс тезисі
Критериалды бағалау тұтас педагогикалық процестің құрамдасы болып табылады және оны тек осындай мәнмәтінінде қарастыру қажет. Баға оқушылармен оқу процесінің сапасын арттыру мақсатымен анағұрлым ұтымды әдістерді таңдау үшін қажетті кері байланысты қамтамасыз етеді. Баға оқушыларды «сұрыптау» құралы емес, бейімделген болуы тиіс. Инклюзивті мектепте баға шынайылық, ақпараттылық, кері байланысты қамтамасыз ету сияқты критерилерге сәйкес болуы тиіс. Бағалаудың кез келген әдістері мен технологиялары оқушы мүгедектігінің нақты түрін немесе проблемасын ескеруі тиіс. Бұл бейімдей оқытуды да: инклюзивті оқыту педагогтан оқыту стратегиясының үлкен жинағы мен әдістерін меңгеруді талап етеді. Бұл көпшілік мектепке ғана емес, сонымен қатар, дамуында мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың арнайы әдістерін білдіреді.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту процесінде бірдей оқу нәтижесін алу мүмкіндігі жоқтығына байланысты, мақсаттар оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қарай тұжырымдалып отырады. Бұл оқу процесінде оқушыға жеке және саралап оқыту тәсілін қолдануға мұмкіндік береді. Деңгейлеп оқытуда Б. Блум таксономиясының оқу мақсаттарын негізге алуға болады. Білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалар үшін алғашқы үш деңгейін алуға болады: «тану», «түсіну», «қолдану».
Сатылай отырып, оқушыда іс-қимыл әрекетінің бейнелік көрінісі мен ұғымдар қалыптасады. Осылайша, оқу мақсаттарының бірінші категориясы «тану», танымдық процестердің алғашқы этапы болып табылады. Бұл этапта оқушы танып-білуге, ұғымдарды ажыратуға (оқу объектілері) арналған жаттығулар мен оқу тапсырмаларын орындауға қабілетті. Оқу мақсаттарының келесі категориясы, өтілетін материалдың ішкі мазмұнын ұғынуға, терминдер, ережелер мен символдарды қолдана алуға бағытталған «түсіну» деңгейі болып табылады. «Қолдану» - оқу материалын меңгеруге бағытталған қадам болғандықтан, жаңа ұғымдардың, ережелер мен қағидалардың дұрыс қолданылуын көздейді. Әр сабақта оқыту мен бағалаудың толық кешенді әрекетін қарастыратын болғандықтан, бұл қадамдар білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға критериалды бағалау жүйесін кезеңдермен қолдануға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар: бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды; оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді; ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады; тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты:
- қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;
- оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;
- оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу;
- жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу.
Бағалау жүйесін, әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа қабілетті қылып, мына төмендегілерді орындай алатындай етіп жетілдіру қажет:
- оқушы оқу материалын қаншалықты табысты игергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру;
- танымдық қызметінің әр саласында оқушының табыстары динамикасын көрсету; - мадақтаушы, дамытушы, оқушылардың өзін-өзі бағалауына ықпал ететін тетікті негізге алу;
- «мұғалім – оқушы», «ата-ана – сынып жетекшісі», «әкімшілік – педагогикалық ұжым» байланысын көздеу. Бұл оқу үдерісінің қалыптасуына жүйелі көзқарасты қалыптастырады, яғни оның тұтастығын білдіреді.
Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар оқу жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір тақырыптың бөлімі бойынша оқу мақсаттарының жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін:
− қалыптастырушы бағалауды;
− ішкі жиынтық бағалауды;
− сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырады.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы оқу мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін, жалпы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қабылданған принциптеріне сүйене отырып әзірлеу қажет және ол білу деңгейінен бастап, нәтижені бағалау деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Оқушы:
− өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады;
− алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті;
− тиісті тәсілдерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырмаларды зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты анықтай алады;
− шартты белгілер мен тиісті сәйкес терминологияларды қолдана отырып, ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті;
− оқу міндеттерін шешу мақсатында таңдалған тәсілдердің дұрыстығы мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады.
Критерийлер оқу тапсырмасының қандай деңгейде орындалғанын нақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының оқу мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде жақындағанын анықтап береді.
Қалыптастырушы бағалау түрлі формада (ауызша сұрақ, жазбаша жұмыс, тәжірибелік жұмыс және т.б.) жүзеге асады және жиынтық бағалауды өткізгенше мұғалім мен оқушыларға оқыту процесін түзетуге және мүмкін болатын олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Оқу тоқсандары ішінде жүргізіледі.
Жиынтық бағалау тоқсанды аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруінің кіріктірілген деңгейімен дағдыларының қалыптасуын айқындауға арналған. Оқу тоқсанының аяғында жүргізіледі.
Ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары тілдік пәндер бойынша қызметтің 4 түріне негізделген: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым.
Оқу жоспарының инвариантты бөлімінің пәндері бойынша бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі. Бағалау үдерісінде өз әрекетін бағалай алу маңызды болып табылады. Жұмысты бағалау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
- жұмысты орындау;
- бағалау критерийлерін жасау;
- белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы;
- сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және тексеруі;
- мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру;
- бағадағы келіспеушіліктерді анықтау.
Портфолио – бұл оқытудың белгіленген кезеңінде тұрақты, жинақталынған оқушының басты жұмыстары және жеке бас жетістіктерінің бағалары. Оқыту портфолиясының педагогикалық идеясы бағалау формасы ретінде келесі жағдайларды қарастырады:
- екпінді оқушының білмейтіні мен істей алмайтынынан, бұл тақырып, бөлім, пән бойынша оның білетіні мен істей алатынына ауыстыруды;
- сандық және сапалық бағалардың интеграциясын;
- сыртқы бағалауға қатысты өзін-өзі бағалаудың басымдылығын. Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жете толықтыратын бақылау мен бағалаудың маңызды құралы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Блум таксономиясы неше деңгейден тұрады?
А) 3
В) 4
С) 5
Д) 6
Е) 7
2. Критериалды бағалаудың құрылымына жатпайды
А) Қалыптастырушы бағалау
В) Жиынтақ бағалау
С) 5 баллдық бағалау
Д) Бөлім бойынша жиынтық бағалау
Е) Тоқсандық жиынтық бағалау
3. Критериалды бағалаудың басты қағидаттарына жатпайды
А) Бағалау білім беру жүйесінің міндеттеріне негізделеді
В) Бағалау шынайы, валидті, сенімді және айқын болады
С) Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі
Д) Бағалау қолжетімді, түсінікті және ашық
Е) Бағалау біржақты үздіксіз үрдіс
4. Бағалау
А) білім алушының оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижені белгілеу үдерісі;
В) Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлеріне сәйкес өлшейтін өлшеуіш, негіз, белгі
С) Оқушының оқу жетістігінің мәні, дамуы, шама деңгейі
Д) Белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі
Е) Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі
5. Қалыптастырушы бағалау
А) білім алушының оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижені белгілеу үдерісі;
В) Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлеріне сәйкес өлшейтін өлшеуіш, негіз, белгі
С) Оқушының оқу жетістігінің мәні, дамуы, шама деңгейі
Д) Белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі
Е) Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі
6. Жиынтық бағалау
А) білім алушының оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижені белгілеу үдерісі;
В) Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлеріне сәйкес өлшейтін өлшеуіш, негіз, белгі
С) Оқушының оқу жетістігінің мәні, дамуы, шама деңгейі
Д) Белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі
Е) Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі
Әдебиеттер:
1.Ерсарина А.К., Елисеева И.Г. Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе. Методические рекомендации. ГУ ННПЦ КП, Алматы, 2019. – 111 с.
2.Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс: Учебное пособие, Алматы, 2014. – 236 с.
3.Абаева Г.А., Төребаева К.Ж., Оразаева Г.С. Арнайы педагогика: Оқу құралы - «Medet group» ЖШС, 2014.
4.Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: Учебное пособие. – Алматы: L-Pride, 2013. – 280 c.
5.Педагогика инклюзивного образования. Под ред. Н.М. Назаровой. Учебник. – Москва. Инфра-М 2019.
6. Оспанбаева М.П.. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы. -Алматы, 2019. – 232 бет.
7.Рсалдинова А.К., Денисова И.А. Повышения квалификации педагогических педагогических кадров в условиях становления инклюзивного образования в РК. Хабаршы / Арнайы педагогика сериясы, №2(37), 2014 ж.
8.Оразаева Г.С. Включения детей с ОВ в общеобразовательный процесс. Хабаршы / Арнайы педагогика сериясы, №2(37), 2014 ж.