1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырып 4. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет15/34
Дата27.06.2023
өлшемі266,36 Kb.
#103570
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Тақырып 4. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары.
2. Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері.
Әдістемелік нұсқау: Студент материалдық және рухани құндылықтардың ара жігін ажыратып, мәдени типтеріне анықтама беріп, саралай білу керек. Діни наным-сенімдердің алғашқы формаларын зерттеп, дәстүрлі діндерге ықпалын анықтау қажет. Студент талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдылануы, дерек көздері бойынша ойын анық жеткізіп, жоспар жасап, тезистер, конспект құрастыра білуі керек. Сұрақтарға жазбаша нақты, қисынды жауап беру қажет. «Кахот әдісі» арқылы материалдық және рухани мәдениеттің анатомиясын аша білу қажет. Студенттерді топқа бөліп, киіз үйдің материалдық бөлігі мен рухани кеңістігін ажыратып, Қазақ мәдениетінде осы бөлімде ашып көрсету.
Әдебиет.
1. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.
2. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.
3. Tursun Gabitov. Actual Problems of Kazakh Culture. Kazakh Culture Challenges. - Монграфия. - Саарбрюкен: Ламберт. - Publishing, 2016.
4. Жолдубаева А.К. Культурология: практикум. - Алматы: Казну им.аль-Фараби, 2014.
5. История культурологии под ред. Огурцова А.П. - М., Гардарики, 2006.


Тақырып 5. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері.
2. Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасыундағы рөлі.
Әдістемелік нұсқау: Дүниежүзінде көшпелі халықтардың жүздеген түрі бар. Студенттер тек қана қазақ көшпелілерін ғана емес, африка, араб, америка мен еуропа, үнді бөліктерінде мекен еткен барлық көшпелілердің мәдениетімен танысу үшін жеке ізденістерді жүзеге асырып, семинар сабағында талқылау жүзеге асады. Көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесін, шаруашылық-мәдени типін оқып меңгеріп, терең анализ жасай білу керек. Көшпелі шаруашылық эволюциясын талдау арқылы Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегіндегі негізгі тұжырымдамалармен жұмыс жасау. Көшпелілердің ұғым-түсініктеріне анықтама беру. Студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.
Әдебиет.
1. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.
2. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
3. Габитов Т.Х. Казахи: Опыт культурологического анализа. – Saarbrücken: Germany Academic Publishing GmbH & Co. Кg laplambert. - Heinrich-Böcking-Str. 6-8, 66121. - KG LAP LAMBERT, ГЕРМАНИЯ, 2012.
4. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. Культурология. - Алматы, 2011.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет