Бекіту сұрақтары:
1.
Руханият дегенді қалай түсінесің?
2.
Тарихи сананың қалыптастыру жолдары?
3.
Құндылықа не жатады?
4.
Рухани жаңғыру дегенді қалай түсінесің?
5.
Дәстүр дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1.
Н.Ә. Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры. Астана, -2018.
2.
Н.Ә.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.- Астана.- 2017.
3.
Н.Ә. Назарбаев. Тәуелсіздің дәуірі.-Астана, 2017.-508 б.
4.
Қ.-Ж.Тоқаев. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан// Егемен Қазақстан. 9 қаңтар, 2020 ж.
5.
С.Мұқанов. Халық мұрасы. -Алматы, 1974.-236 б.
6.
А.Сейдімбек. Қазақ әлемі.-1997.-464 б.
7.
К.Байпақов. Ұлы Жібек жолы.-Алматы, 2007.- 222 б.
8.
Ұлы дала ұлағаттары. Астана.-2016.
9.
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.Алматы, -2013.
10.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Алматы.-2004.
11.
Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы. — Алматы, 1995.
12.
Жолдасбеков М. Асыл арналар. — Алматы, 1986. -40.
13.
Нысанбек Төреқұл. Даланың дара ділмарлары. — Алматы, 2001.
14.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы, 1999.
15.
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. -
Алматы,2006.
16.
Ш.Уалиханов. Таңдамалы.-Алматы, 1985.-560 б.
17.
Б.Сулейменов. И.Алтынсарин. 3 томдық.-Алматы, 1975.
Дәріс №2.
Тақырыбы: Қазақ халқының этногенезі. 1-сағат
10
Жоспары:
1.
Қазақ халқының шығу тегінің тарихи аспектері
2.
Шежіренің тарихи-этникалық негізі
3.
Ру-тайпалық бірлестіктер тарихы
Дәріс тезисі:
Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс
ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен темір дәуірі кезеңдерінен басталады. Олар негізінен
Қазақстанның жерін мекендеген тайпалардан құралған.
Этнос - жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше
мәдениеті, мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан
бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың
тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне
қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір
дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі
тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европоидтық нәсілдерге жатты.
Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді. Қазақ халқының шығу тегі
туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ,
қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.
Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - монголдық- монголдық-европалық.
Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен
басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан
бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін
адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан
шыққаны айтылады.
Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған.
Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”,
“сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде
“ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей
байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді.
Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам
туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол
халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл
тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір
тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-
дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын
жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас
дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен
шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен
осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет
есебінде қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып
қалған қазақ елі үшін де, өзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты айтылатын
шежірелердің орны бөлек.
Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы
түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы
мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған
байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар
одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады.
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле,
Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат,
Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр
сияқты рулардан тұрады.
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат
сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан,
11
Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш,
Бетпақдалаға дейін созылып жатыр.
Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы,
Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері
оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл
өзендерінің бойы.
Достарыңызбен бөлісу: |