12
Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті
болды.
Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы
жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан
тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан
таралғандар ғана отыра
алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ
қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің
өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде
бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен
келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды
деп көшпелі жұрттың көз
алдында масқара ету болатын.
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша
беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен,
дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру
ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді
шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден
шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр
тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде
патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Мұның өзі билердің дала тұғындары арасындағы
беделін бірте-бірте төмендете берді.
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді.
Кіндік кесіп, кір жуған
қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол
жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары,
сондай-ақ қатардағы
қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан
сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде көзге түскендерді
де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия
хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін
дәстүр қалыптасты.
Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын.
Батыр
атағы мұрагерлікпен берілмейтін.
Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II
ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра
(Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай — Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста». Бұл
дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.Ұлы Жібек
жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.Ежелгі түркі
халқының
діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі
сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып
есептелген.VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы
жаңа дін ислам діні ене
бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.
Достарыңызбен бөлісу: