1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет22/61
Дата28.01.2022
өлшемі266,36 Kb.
#24496
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Байланысты:
Мәдениеттану силлабус -22 скан

Тақырыптың жоспары:

  1. "Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.

  2. "Сандық Қазақстан" жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы мәдениеттің рөлі.

  3. Интеллектуалды ұлт жаңа моделін қалыптастыру мәселесі.

Дәріс тезисі:

"Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде. Дәстүр мен жаңашылдықтың даму реті (динамика), мәдени тәжірибенің сабақтастық және тарату механизмдері. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. Жергілікті тарихты қарастыру жұмысын жасау мен дамытудағы мәдени институттар, мәдени ұйымдардың рөлі. Жергілікті тарихты қарастыру, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті, аймақтық көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіру мен сақтаудағы мұражай, білім беру мекемелері мен ұйымдарының рөлі. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде. Мәдени мұра бағдарламаларының дамуындағы ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының рөлі.

Мәдени туризмнің дамуы және оның "Туған ел", "Қазақстанның сакральды географиясы", "Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Сандық Қазақстан" жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі. Мәдени, мәдениеттік зерттеулер әдіснамасы.

Қазақстандағы гендерлік саясат. Гендерлік рөлдер және гендерлік мінез-құлық мәселелері. Гендерлік мәдениеттің негізгі құндылықтары.

Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің рухани құндылықтарының негізгі паттерндері. Қазақстанның ең танымал тұлғалары. Қазақстандық мәдениеттің жүз есімі. Қазақстанның ұмытылмас жүз орны. Қазақ мәдениетінің жүз рәмізі. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы. "100 жаңа есім" аймақтық жобасы.

Қазақстанның дене шынықтыру мәдениеті. Ұлттық спорт түрлері. Қазақстандағы дене шынықтыру құндылықтары.

Жаһандану аясындағы білім беру мәселесі. Интеллектуалды ұлт жаңа моделін қалыптастыру мәселесі. Қазіргі Қазақстандағы ғылым мен техника. Компьютерлік сауаттылық және мәдениет. "Сандық Қазақстан" жобасы. Білімнің толеранттылығы, ашықтығы мәдениеті. Мәдениетаралық және этникааралық коммуникацияның жаңа құндылықтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет