Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде.
2. Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейлендірудегі рөлі.
Әдістемелік нұсқау: Мәдениеттің тілі деп кең мағынада сөйлеу тілін ғана емес, іс-қимыл әрекетін де айтамыз. Бұл әдістемелік нұсқауда практикалық тапсырмалар орындалады. Ойын тапсырмасында би, ымдап сөйлесу сияқты тәсілдермен қарым-қатынас құру негіздері қарастырылады. Тіл – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасын екенін түсіну, рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші формасы ретінде тану, белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихынан алшақ қарауға болмайтынын ұғыну. Тіл тарихы мен этнос тарихын ажырамас байланыста зерттеу. Осылайша архаикалық мәдениеттің негізгі қарым-қатынасын практикалық тұрғыда тақырып ашылады.
Әдебиет.
1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
2. Габитов Т.Х. Казахи: Опыт культурологического анализа. – Saarbrücken: Germany Academic Publishing GmbH & Co. Кg laplambert. - Heinrich-Böcking-Str. 6-8, 66121. - KG LAP LAMBERT, ГЕРМАНИЯ, 2012.
3. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. Культурология. - Алматы, 2011.
Тақырып 3. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.
Сағат саны: 1
Достарыңызбен бөлісу: |