1 Пән туралы мәліметтер


АПТА. №3 дәріс: Экожүйелердегі энергия



бет8/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

2 АПТА.

3 дәріс: Экожүйелердегі энергия.


Әдістер: проблемалық дәріс.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Экожүйедегі зат және энергия ағыны.
2. Энергия пирамидасы.
3. Экожүйелердің өнімділік теориясы.

Экологиялық жүйелерге әдетте барлық тірі жүйелерді, оларды қоршаған ортасымен бірге жеке популяциядан бастап бүкіл биосфераны жатқызады.


Олардың бәрі айналадағы табиғи ортамен зат, энергия мен ақпарат алмасатын ашық жүйе болып табылады. Бұл биосфера тек Күн энергиясы есебімен өмір сүріп дамиды, сондықтан ол экожүйе не болмаса «биогеценоз» деп аталатын ашық жүйе болып табылады.
Жер бетіндегі тірі организмдер үшін Күн сәулесі – энергияның негізгі көзі болып табылады.
Кез келген экожүйеде оны құрайтын функциональдық бөлімі арасында зат және энергия айналымы болады. Экожүйенің әрбір бөлігі оны құрайтын басқа бөлігінсіз тіршілік ете алмайды. Экожүйе құрылымы белгілібір себеп әсерінен бұзылса, онда тізбекті реакциялар заңына сәйкес бүкіл қауымдастық өзгеруі немесе тіпті бұзылуы мүмкін. алайда бір түр құрып кеткенмен, біраз уақыттан соң оның орнынан экожүйеде соған ұқсас қызмет атқаратын басқа түр пайда болуы мүмкін.
Экожүйедегі заттар мен энергия ағынының негізгі ерекшеліктеріне жатады:
1) Биогенді элементтердің биологиялық миграцияға көп рет қатысуы;
2) Энергияның бір бағытта әрі кері қайтпайтыны.
3) Қоректік тізбектер арқылы энергияның 10 пайызы ғана келесі тізбекке беріледі, әрбір тізбекке өткенде энергия біртіндеп азайады.
4) Тірі жүйе қоршаған ортадан энергия үнемі келіп тұрғанда ғана тіршілік ете алады.
Энергияның әрбір үлесі тек бір рет қана пайдаланылады.
Термодинамиканың 1-ші заңы немесе энергия сақталу заңына сәйкес тіршіліктің барлық құбылыстарында энергия айналады, трофикалық тізбектер бойынша беріледі. Термидинамикалық 2-ші заңына сәйкес энергияның трансформациясының әрбір сатысында оның елеулі бөлігі жылу түрінде сейіледі. Энергияның бір түрінен екінші түріне айналу тиімділгі әруақытта 100 пайыздан кем.
Табиғи экожүйелер ұзақ уақыт бойы тіршілік етеді, осыған орай оларға уақыт пен кеңістік аралығында тұрақтылық қасиеттері тән. Жүйенің тұрақтылығын қолдау үшін, организмдер мен оларды қоршаған орта арасында зат және энергия ағындары мен зат алмасу процесстірінің арасында тұрақтылық болуы керек.
Экожүйенің қозғалғыш-тұрақты тепе-теңдігінің жай-күйі гомеостаз деп аталады. Гомеостаз – кез келген экожүйе тіршілік етуінің ең маңызды шарты.
Табиғи экожүйелерде осы тепе теңдікті жүйелердің ашықтығы, яғни қоршаған ортадан зат және энергияны үздіксіз алуы қолдайды. Энергия ағыны жүйе ішіне қарай бағытталады. Энергияның көп бөлігі жүйеден өтіп кері кетеді, алайда бостан бос жоғалмайды.
Жүйенің ең басты және маңызды қасиетіне оның тұтастығы жатады.
Жүйе қасиеттері оны құраушы компоненттердің қасиеттеріне де байланысты, кейде тұтас жүйеде оның жекелеген элементтерінде байқалмайтын қасиет байқалады. Бұл құбылыс эмердженттілік деп аталады. Эмердженттілік үлкен және күрделі жүйелерде анық байқалады. Мысалы орман жүйесі оны құрайтын жеке ағаштардың қасиеттерінен өзгеше, тобырлардың мінез құлқы жеке адамдар мінез құлқынан өзгеше. Жүйелердің эмердженттілік қасиеті бұзылған экожүйелерді басқаруда ескеріледі. Сол себепті жеке жүргізілген экологиялық шараларға қарағанда кешенді шаралар тиімділігі жоғары.
2. Байланыстылық.
3. Күрделілік. Жүйелер бір бірінен элементтер мөлшері, құрылымның бұтақтану дәрежесі т.б. бойынша күрделенеді.
4. Ұйымдасқандық.
5. Иерариялық бағынуы. Экожүйе элементтері иерархиялық бағынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет