1 Пән туралы мәліметтер



бет2/66
Дата29.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#53556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
2022 ЖЭН титул 2

Курстың мақсаты:
Пәнді зерттеудің мақсаты – студенттердің жалпы теориялық экология мәселелерін зерттеудегі жүйелік әдіс негізінде алған экология бойынша білімдерін экологиялық мәселелерді шешудегі жүйелік зерттеудегі білімдерімен тоғыстыру.
Жүйелік экологияны зерттеудің негізгі міндеті қоршаған орта туралы теориялық білімдерді жинақтау, алынған білімдерін өзінің жұмысында пайдалана алу қабілетін қалыптастыру болып отыр. Студенттерге жүйелік талдау әдісі арқылы табиғи ортаны күрделі, әртүрлі компоненттер динамикалық теңдікте тұратын дифференцирленген жүйе ретінде оқыту қажет; адамдардың әрекеті мен қоршаған ортаны бір жүйе «табиғат-қоғам» жүйесі ретінде, Жердің биосферасын адамзаттың экологиялық кедейленуін қарау; адамдардың табиғи экожүйенің балансына әсерін ашу.
Курстың міндеттері:
- Жүйелік зерттеу әдістерін меңгеру; толық емес немесе шектелген ақпарат негізінде өзіндік пікір айта алу, пікір айту кезінде осы пікірлерді немесе білімдерді қолданудың экологиялық жауапкершілігін есепке алу;
- Әртүрлі күрделі жүйелер немесе оқиғаларда жағдайды талдай отырып шешім қабылдау, оқиғаның экологиялық тәуелділігін шешім қабылдау кезінде жүйелік талдай отырып, міндеттерді нақты анықтай алу;
- Экологиялық мәселелерді шешу барысындағы жүйелік әдіс пен жүйелік талдаудың әдістемелік қабілеттерін дамыту;
- Әртүрлі құбылыстар немесе сол құбылыстардың әртүрлі тараптары арасында қатынас орната білу және қарама-қайшылық құбылыстарды көре білуге қабілетті болу;


Пререквизиттер: «Өсімдіктер алуантүрлілігі»; «Жануарлар алуантүрлілігі»; «Өндірістік экология және техногенді тәуекел»; «Топырақтану»; «Геоэкология», «Экологиялық химия» және т.с.с.
Постреквизиттер: «Жүйелі экология негіздері» курсын меңгеру келешекте «Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау», «Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг негіздері», «Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелері және қауіпсіздік», «Қоршаған орта жағдайын индикациялау» және т.б.сияқты арнайы курстарды менгеруге мүмкіндік береді.
Осы арнайы курсты оқу нәтижесінде студент білуге тиіс:
- Жүйелік экология негіздерінің теориялық-әдістемесін;
- Жүйелік талдаудың әдістемесін;
- Жүйелердің жалпы теориясын;
- Экожүйелерді зерттеудің жүйелік бағыттарын;
- Табиғи ортаны күрделі, әртүрлі компоненттер динамикалық теңдікте тұратын дифференцирленген жүйе екендігі туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет