24
1. Лакофф пен Джонсон әдістері
2. Адам болмысындағы метафораларды анықтау
3. Метафора – когнитивті зерттеулердің күшті құралы
«Біз өмір сүретін метафоралар» кітабының жарық көруінен кейін концептуалды метафора
теориясының танымалдылығы әлі де болса өз күшін жоймады. Көптеген қарсылықтарға
қарамастан ол жаңа идеялар, нәтижелермен байып келеді, әр түрлі материалдарға қолданылады.
Концептуалды метафораларға арналған басылымдар саны электронды нұсқаларды санамағанның
өзінде көптен-көп, кейбір еңбектердің тақырыптары да Лакофф пен Джонсонның кітабының
тақырыбымен бірдей. Сонымен қатар, түйсік аймақтары тұрғысынан метонимияны меңгеруге де
соңғы жылдары қызығушылық артып келеді, оның бастамасы сол Лакофф пен Джонсонның
кітабында болған болатын. Метафоралық механизмдерді салғастырмалы талдау және
метонимикалық тасымалдау және олардың өзара әрекеттесуі тақырыптары да назардан тыс
қалмады.
Лакофф пен Джонсонның кітабының орыс тіліндегі нұсқасының алғы сөзінде оның
тартымдылығы оның жасампаздығында деп атап көрсетілген. Авторлардың ойынша,
«метафоралық үдеріс тілдің түпкі болмысында жатыр» және «біздің айналамыздағы әлем –
үлкен, жақсы жасақталған метафора» деп болжамдайды. Лакофф пен Джонсонның теориясы
метафоралардың адам өміріндегі әр түрлі салаларда көрінуіне ықпал етті – күнделікті өмірде,
саясатта, жарнамада, жеке қарым-қатынастарда және т.б. Бұл теория метафораның қандай
«ашық» және «қараңғы» тұстары бар екендігін талдауға, ол қандай мақсатпен жасалатындығы,
бір феноменнің бірнеше түсінігі болуы сияқты үдерістерді ұсынады. Тіларалық және
мәдениетаралық салғастыруға аталмыш теория жағдай жасайды, сонымен қатар, когнитивтік
ғылымға қызығушылық арттырады.
Ең кереметі – авторлардың осыған дейін жан-жақты зерттелген феноменді басқа қырынан
жаңа сипатқа енгізгендігі. Метафораны адам ойының ұйымдастырушы қағидасы ретінде
өзгеріске түсіру оның дәстүрлі түсінігін түбегейлі өзгертті, оның таралу аумағы риторика мен тіл
білімінен де кеңейе түсті. Ойдың метафоралануы тек тілде көрініс таппайтындықтан, қазіргі
таңда басқа жүйелер мен зерттеулерде ол тіл фактілерінің көмегінсіз де қарастырылып жүр.
Концептуалды метафора сәулет өнерінде, сурет өнерінде, дизайнда (сонымен қатар, графикалық
және веб-дизайнда компьютерлік бағдарламалардың мынадай интерфейстерінің түрлері пайда
болды: жұмыс үстелі, папка, блокнот, қоқыс себеті, терезе, телефон кітапшасы, және оларға
қатысты операциялар – ашу-жабу, алу-көшіру-салу, қосып тіркеу, тасымалдау-тастау, жіберу-
қабылдау және т.б.), жесттарда, карикатураларда және т.б. көрініс тауып жүр. Б.М.
Величковскийдың бақылауынша, теориялық білім көлемінің артуына байланысты
метафоралаудың рөлі күннен-күнге артып келе жатыр (қоғамдық резонанс, ақпаратты адамның
қайта жасақтауы, виртуалды шындық және т.с.с.). Автор метафораның толық
аяқталмағандығының ақрқасында оның концептуалды құрылымдар жүйесіне ену мүмкіндігі мол
екендігін айтады, яғни тек әріптік сөз немесе белгілі бір терминдерді енгізгеннен гөрі, оларға
жаңа түсінік ұсынады [Величковский 2006, т. 2: 166]. Сондықтан, метафораның соңғы жылдары
когнитивті зерттеулердің күшті құралына айналғандығын жоққа шығару қиын. Лакофф пен
Джонсонның әдісі көптеген салаларда өзінің өзектілігі мен маңыздылығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: