5.3 Оқытушыталаптары 5.3.1 Білім алушы семестр бойы оқытушы ұсынатын тапсырмаларды орындауы керек, оның тізімін оқытушы белгілейді, ал тапсырмалар саны пән бойынша кредит көлемімен анықталады.
Тапсырмаларды тапсыру мерзімдері төмендегі «Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» бөлімінде көрсетілген.
Ағымдағы аптада тапсырмалар уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.
Білім алушы академиялық адалдық ережелерін, университеттің ішкі тәртіп ережелерін, студенттің ар-намыс кодексін сақтауы тиіс (сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде сөйлеспеу, ұялы телефонды сөндіру, университетке іскерлік киім үлгісімен келу, курстастары және оқытушымен қарым-қатынаста ашық, сабырлы, мейірімді болу, университет ішінде әдеп сақтау, университет ғимараттарында тазалықты сақтау).
Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау.
Білім алушы сабақтан себепсіз қалмауы керек, науқастанған жағдайда анықтама ұсынуы керек.
Қатыспаған сабақтар бойынша қарызды өтеу профессор-оқытушы құрамның кафедрада болу кестесіне сәйкес немесе ОББӨЖ кестесі бойынша тапсырылады.
Курс саясаты мен үдерістері
5.4.1 БӨЖ тапсырмалары семестрдің бірінші аптасында беріледі.
5.4.2 ОББӨЖ барысында оқу пәнінің ең күрделі мәселелері, үй тапсырмалары, есептер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды орындау, қорғау және т. б. бойынша кеңес беріледі.
5.4.3 Пән бойынша оқыту нәтижелерін бағалау объективтілік, ашықтық, икемділік принциптеріне негізделеді.
5.4.4 Пән бойынша қорытынды баға білімді ағымдағы бақылау (60 %) және қорытынды бақылау – емтихан (40%) бағаларынан құралады.
5.4.5 Емтихан тапсыруға ағымдағы бақылаудың ең жоғары ықтимал бағасынан кемінде 50%-дық (кемінде 30 балл) рұқсат рейтингісі бар білім алушы жіберіледі.
5.5 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету 5.5.1 Психофизикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктер мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырудағы жеке сараланған тәсіл.
5.5.2 Сабақтың барлық түрлеріне жеке сараланған тәсіл.
5.5.3 Сабақтарда материалды толық игеру үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету.