Сабақты жоспарлау



бет1/3
Дата08.12.2022
өлшемі17,05 Kb.
#55751
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
15 апта Практика


15-апта
Тақырыбы: Сабақты жоспарлау, қалыптастырушы бағалауды енгізу


Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:

  • тақырып

  • сабақтың міндеттері

  • сабақ кезендері

  • оқушыларға арналған тапсырмалар.

Оқушылардың білімі мен білім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін енгізу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мұны қиынсынудың мүлдем қажеті жоқ. Қалыптастырушы бағалау үдерісін сабақ барысында тиімді енгізу – бұл дұрыс бағалаудың алғашқы қадамы болып табылады.


Қалыптастырушы (формативтік) бағалау
Формативті бағалауды «оқу үшін бағалау» деп атайды. Шынтуайтқа келгенде оны «оқуды, үйренуді жақсартатын бағалау» деп атаған орынды болар.
Қалыптастырушы бағалауды қай кезде қолдану керек? Қалыптастырушы бағалау – бұл оқытудың бір бөлігі, және ол оқушылар білімінің құрылымына енуі мүмкін. Сіз бұған дейін қалыптастырушы бағалау жүргізген де болуыңыз мүмкін. Мысалы, оған оқушыларды бақылау, оқушыларды жетістігі үшін мадақтау, оқушылардың жұмысын талдау. Бұл бағалау түрін мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Оқушылар тарапынан өзін-өзі бағалау арқылы және бірін-бірі бағалау арқылы жүргізіледі.


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет