1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет27/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Вакуольдер (латынша: vacuus-бос) - өсімдік жасушасының цитоплазмасындағы - мембраналарменшектеулі- (тонопластпен) және клетка шырынымен толған қуыстар. Барлық өсімдік жасушасының вакуольдер жүйесі вакуоль деп аталады. Жас жасушада вакуоль арық тәрізді және көпіршік күйінде болады. Өсімдік өскен сайын вакуоль ұлғаяды және бір үлкен вакуольге айналады. Ол жетілген жасушаның 70-95% құрайды. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.
Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos — соғып жасау) — фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластқа айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады.. Онда пигменттерэлектрон тасымалдағыш тізбек және ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды.
Хлоропласт тилакоидты граналардың саны бірнешеу. Оларды өзара стромалық тилакоид жалғастырып тұрады. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақшалинза тәрізді. Оның ұзындығы 5 — 10 мкм, ені 2 — 3 мкм. Әр жасушада шамамен 20 — 30-дай хлоропласт болса, балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1 — 2 данасы ғана болады. Хлоропласт жартылай дербес (автономды) құрылым, себебі онда мембраналық тилакоидты жүйеден басқа меншікті белок синтездегіш тетіктер бар. Оларға сақина тәрізді ДНҚ молекуласы мен РНҚ және рибосомалар жатады. Бұлардың көмегімен хлоропласт кейбір өзіне қажетті ақуыздарды синтездей алады. Хлоропластда сонымен қатар май түйіршіктері мен крахмал дәндері кездеседі. Клеткада хлоропласт бөліну арқылы көбейеді, бірақ оның жасуша ядросының бөлінуімен сәйкес келуі шарт емес.
Хлоропластты цианобактериялардың ежелгі ядролы гетеротрофты балдырлармен немесе қарапайымдармен симбиогенез нәтижесінде пайда болған деп жорамалдайды.
Хлоропласт − қос мембраналы органод.Хлоропласт құрамында нуклеин қышқылдары − ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болады. Хлоропласт жасушасында АТФ молекуласы және көмірсулар синтезделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет