1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет23/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Тыныс алу қызметі – тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.
Терінің сезімталдығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен және жүйке ұштары – рецепторлармен байланысты.
Тері тіршілік үшін D дәруменін өндіреді. Күн сәулесінің әсерінен D дәруменінің синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор сақталады
Шаш, түктер, тырнақ – эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер – шаш деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі – сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына май бездерінің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні майлап тұрады.Тырнақ – саусақ ұштарының сыртында орналасқан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады
Регенерация (латынша: regeneration — жаңғыру) — тіннің жойылған құрылымдық элементтерінің қалпына келуі (орнының толтырылуы). Биологиялық мәні жағынан регенерация — эволюцияда қалыптасқан, барлық тірі жүйелерге тән бейімделулік үдеріс. Организмнің қандайда болмасын тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін құрылыстық субстраттың шығыны мен оның орнын толтыру қажет. Сөйтіп, регенерацияда тірі материя өздігінен жаңара өнуі тіршілік әрекеттері өздігінен реттеліп, автоматизмді жүзеге асырады деген қағиданы растайды Тері ескіреді, бірақ түлей отырып, ол терінің қайта өсіп шыққан бөлшектерімен алмасып отырады. Эпидемистің ең төменгі жағындағы ұсақ жасушалар бөліне отырып, жаңа жасушалар түзеді. Олар біртіндеп жоғарыға көтеріледі де, тіршілігін жояды және тығыз мүйізді денемен толығып отырып, мықты қабат құрайды. Терінің бүкіл беткі қабаты 4 апта ішінде біртіндеп ескіріп, жаңа жасушалармен алмасып отырады.

3 Хордалылардың эмбриондарындағы нейрула сатысын сипаттаңыз. Ұрық қабаттарын саралаңыз. 25
Хордалылар, желілілер (Chordata) — жануарлар дүниесінің тарихи дамуының ең жоғары сатысында тұрған тип. Қазіргі кезде хордалылардың 3 тип тармағы: басжелілілерқабықтылар және омыртқалылар, 40 мыңнан астам түрі белгілі. Нейрула — организмдердің жеке дамуының бір түрі. Нейрула сатысы кезеңінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Мысалы, эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады. Бұл түтік- ми мен жұлынның бастамасы. Мидың дамуына байланысты іле- шала эктодерма қабатынан бокал тәрізді екі көз, тері жабын мүшесі, есту мүшесі және иіс сезу мүшелері пайда болып, ұрықтың дамуы жеделдей түседі. Энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелердің бастамасы, ас қорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқы безі және т.б. дамиды.
Мезодерма қабатынан желі бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек және болашақ организмнің қан тамырлары жүйесі пайда болады. Эмбриондық даму басталған кезде мүшелердің дамуын қамтамасыз ететін хромосомалардағы әр түрлі гендердің жұмысы күшейе түседі. Осыған байланысты жасушадағы нәруыз синтезінің қарқындылығы да артады. Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары өзара ұқсас болады. Бұл ұқсастық Жер шарындағы тірі организмдердің шығу тегінің бір біріне байланыстылығын көрсетеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет