1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет47/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Жасушалық қосындылар (клеточные включения) — зат алмасу процесіне (метаболизмге) байланысты жасуша цитоплазмасындағы тұрақсыз құрылымдар. Жасушалық қосындыларға трофикалық, секретарлық, экскреторлық және пигменттік қосындылар мен витаминдер жатады.
Трофикалық қосындылар (протеин, май, көмірсулар) — қоректік заттардың қоры және энергия көзі. Протеиннің түзілуі мен жинақталуы жасуша эндоплазмалық торының белсенділігіне байланысты. Бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) көмірсулар (гликоген), май қосындылары липид тамшылары ретінде жиналады.
Секреторлық (бөлінділік) қосындыларға пайдалы заттар (секреттер): сөл, сілекей, өт, гормондар (инкреттер), сүт және тағы басқалар жатады.
Экскреторлық қосындыларды жануарлар организміне керек емес зиянды қосылыстар (зәр, тер) құрайды. Пигменттік қосындылар жасушалар мен ұлпаларға түр-түс береді. Оған қандағы гемоглобин, Бұлшықеттегі миоглобин, терідегі меланин т. б. жатады. Пигмент каротин жемістерде, өсімдік жасушаларында түзіледі. Ол — А провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады.
4 сурак Ұлпалардың пайда болуы мен эволюциясының заңдылықтары, параллелизм және дивергентті эволюция теориялары, олардың қазіргі даму деңгейіндегі синтезі. Ұлпалардың морфофункционалды (топтық) және генетикалық (типтік) жіктелуі.
Ұлпалар пайда болу жайында екі үлкен мағлұматтар қаралады: Гастрей теориясы (бұның авторы Геккель). Бұл теория бойынша көп клеткалы ағза-бластея - бір клеткалы эпителий клеткаларынан пайда болды деген ұғым берді. Талшықтары бар клеткалар тобы ағзаның қимыл қызметін атқарса, ал баска клеткалар тобы қоректік қызмет атқарады. Инвагинация процесі арқылы екі клетка тобы - екі қабатты - гастрея болып саналады. Сыртқы қабаты - эктодерма жабынды эпителийде, ал эктодерма - бірінші ішек қабатын құрайды.
Екінші теориясы Мечниковтың «фагоцетелла» теориясы. Бұл ұғым бойынша көп клеткалы ағза біртектес клеткалардан тұрды, дейді - олар екі түрлі қызмет атқарады. Сыртқы клеткалардың талшықтары болады, олар үсақ ас түйіршіктерінен фагоцитозарқылы қоректенеді, ал клеткалар бірте-бірте талшықтарын жоғалтып, амебоид пішінді болып жануарлардың ішкі кабатына кіреді де, ас қорыту сонда аяқталды, сөйтіп, сыртқы клеткалар - кинобласт, ішкі клеткалар - фагоцитобласт. Осыдан барып жабынды эпителий және ішкі орта ұлпалары пайда болады.
Заварзиннің айтуы бойынша ұлпалар эволюция процесінде ағзаға бағынады.
Эволюция барысында әр түрлі ұлпалардың пайда болуы, дамуы, құрылысының күрделенуі жүрді. Эволюцияның сатыларын келесі теориялар толығырақ түсіндіреді.
Параллельді қатарлар теориясы. А.А. Заварзин параллелизм теориясы немесе ұлпа эволюциясының параллельді қатарлары деп аталған теориясын қалыптастырды. Бұл теорияның мағынасы эволюция барысында филогенетикалық тармақтардың әртүрлі бұтақтарында бір-бірінен тәуелсіз түрде ұқсас қызмет атқаратын, құрылысы бірдей болып қалыптасқан тіндердің түзелуі болып табылады. Мысалы, ланцетниктің және сүтқоректілердің дәнекер тіні бірдей қызметтерді атқарады, сондықтан құрылымы да бірдей. Параллельді қатарлар теориясы тіндердің эволюциясының себебін, олардың бейімделу қабілеттерін жақсы айқындайды.
Тіндердің дивергентті даму теориясы. Н.Г. Хлопин тіндердің дамуы туралы өзінің ұлпалардың дивергентті даму теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіндер эволюция және онтогенез барысында дивергентті дамиды, яғни бұрыннан бар тіндерден белгілі қасиеттерінің өзгеріп бастапқы ұлпадан ажырауы арқылы қалыптасады, ал бұл ұлпалардың көптеген жаңа түрлерінің түзелуіне жол ашады. Бұл теория дивергенция барысында барған сайын бір-біріне ұқсамайтын, құрылысы мен қызметі әртүрлі тіндердің бір эмбриональдық бастамадан қалай пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, терілік эктодермадан дамитын эпидермис және көпқабатты жазық эпителий арасында айырмашылықтан көрі ұқсастық көп, ал олармен даму негізі бір аденогипофиздің эпителиі, тістің эмалі құрылысы жағынан мүлдем басқа.
20 билет
1 сурак Сүйек ұлпаның жасушаларын, сүйектің химиялық құрамын сипаттаңыз. Сүйек ұлпасының түрлерінің пішіндері мен түрлері (мысалдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет