1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет66/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
цито сессия

Детерминация дегеніміз ол басталған дифференциация процестерінің кері айналмауы. Басқаша айтқанда, детерминация клеткалардың потенцияларына байланысты. Потенция дамудың жасырын түрдегі мүмкіндіктері. Жұмыртқаның немесе ұрық бөліктерінің əр түрлі потенциялары болады. Мысалы, кейбір бөліктен толық ұрық пайда болатын болса, оны тотипотентті деп атайды.
Екі бөліктің потенциясы бірдей болса, бірбірінің орнын басып тұрса оларды эквипотентті дейді.
ХХ ғасырда детерминация мен дифференциация мəселесін шешуде неміс ғалымы Г. Шпеман мектебі көп жұмыс жасады. Ол жануарлар ұрығында ұйымдастырушы орталықтар құбылысын ашты, нерв жүйесінің дамуын зерттеді, трансплантация деп аталатын микрохирургиялық əдістерді қолданды.


  • Клеткалардың дифференциациялануы - бұл детерминацияланудың барысындағы белгіленген бағдарламаны жүзеге асыру және оның дифференциация ретінде белгіленген бірінші кезеңі детерминацияның соңғы терминальды кезеңімен сәйкес келеді.

  • Осы кезеңде клетка митоздық бөліну қабілетін сақтайды, арнайы синтездер байқалмайды, бірақ белок синтезінің спецификалық емес жүйесі - эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар белсенді жетіле бастайды.

  • Дифференциалануға бағытталған бүтін клетка көп мөлшерде арнайы заттар шығарады, себебі ол үшін арнайы механизмі және энергия көзі қажетті.

  • Протодифференциация деп аталатын келесі кезеңде клетканың бөліну қабілеті шектеуленеді, онда арнайы өнімнің іздері табылады (мысалы, Лангерганс аралдары клеткаларындағы инсулин).

  • Бұл фаза белгілі бір клетканың химиялық жағынан белгілі бір типке жататынын сипаттайтын арнайы синтездердің басталуын белгілейді.

  • Содан кейін, клетка өзіндік дифференциалану сатысына шығады. Бұл кезеңде ол көбею қабілетінен толық айырылады және арнайы өнімнің концентрациясы күрт өседі. Белок синтезі толық жүре бастайды.

  • Бұл процесс терминалдық дифференциациясымен аяқталады. Бүкіл процесс арнайы өнімді синтездеу шыңына жетуімен және осы клетканың фенотипіне тән барлық белгілердің пайда болуымен сипатталады.
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет