1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық



бет25/34
Дата29.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#60152
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
ФИКИ лекция

2.10 Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық
фуңдаментальді талдауы. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары

Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық фундаментальді талдау әдістеріне келесілер жатады:


1) жобаларды қаржылық талдау, қаржылық есеп беруді талдау;
2) залалсыздықты талдау, залалсыздық нүктесін анықтау;
3) қаржылық-экономикалық талдау тәсіддерін ( көлденең, тікелей, салыстырмалы, үлгілерді мультипликативті кеңейту және факгорлық) қолдана отырыпталдау;
4) инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздеуін құру;
5) инвестициялық жобаның бизнес – жоспарын құру.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1.Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта «идентификациялау» термині қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлел аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, оны даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
2.Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында-коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б.-оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерді шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет