1 практикалық ЖҰмыс бойынша есеп беру



бет5/7
Дата17.05.2022
өлшемі41,77 Kb.
#34716
1   2   3   4   5   6   7

2-тапсырманың сұрақтары:


  1. Библиографиялық тізім қайда орналасады?

  2. Библиографиялық тізімді реттеудің қандай түрлері бар?

  3. Библиографиялық тізімді алфавиттік реттеу арқылы тізімдеудің ерекшелігі қандай?

  4. Библиографиялық тізімді хронологиялық реттеу арқылы тізімдеудің ерекшелігі қандай?

  5. Библиографиялық тізімді жүйелік реттеу арқылы тізімдеудің ерекшелігі қандай?

  6. Библиографиялық тізімді тізбектелген реттеу арқылы тізімдеудің ерекшелігі қандай?

  7. Библиографиялық тізімді құру ережесі қандай?


2 – тапсырма:

Сұрақтарға жауап

1. Библиографиялық тізім қайда орналасады?

Библиографиялық тізім негізгі жұмыс мәтінінен кейін орналасады. Әрбір библиографиялық жазба тізімде реттік нөмірмен нөмірленеді және қызыл жолдан басталады.



2. Библиографиялық тізімді реттеудің қандай түрлері бар?

Библиографиялық тізімдерді келесідей ретпен тізімдеуге болады:

алфавиттік;

хронологиялық;

• жүйелік;

• тізбектелген (мәтінде жарияланымның алғашқы ескертілу тәртібі бойынша) және т.б.



3. Библиографиялық тізімді алфавиттік реттеу арқылы тізімдеудің ерекшелігі қандай?

Алфавиттік, яғни библиографиялық сипаттамалардың басылым атаулары мен авторлардың алфавиттік реті бойынша орналасуы (егер автордың тегі көрсетілмеген, немесе авторлардың саны 4 немесе одан да артық болса). Бір автордың жұмыстарын атаулары бойынша алфавит ретімен, ал тегі бірдей авторлардың жұмыстарын – аты-жөнінің бірінші әріптері бойынша ретімен орналастырады. Бір тізімде әртүрлі алфавиттерді араластыруға болмайды. Шетелдік деректемелер әдетте жазбаша жұмыс тілінде барлық дереккөз тізімдерінен кейін алфавит бойынша орналастырады.



4. Библиографиялық тізімді хронологиялық реттеу арқылы тізімдеудің ерекшелігі қандай?

Хронологиялық тәртіпте материал басылым жылдары бойынша, ал әрбір жылда – кітаптардың атаулары мен авторлары бойынша ретімен орналастырылады. Хронологиялық тәртіп реті қандай да бір сұрақтың меңгерілген тарихын көрсетуге мүмкіндік береді. Кері хронологиялық тәртіппен орналастыру қазіргі заманғы сұрақтың жағдайына басты назар аударылған жұмыстарға арналып ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет