1 практикалық ЖҰмыс бойынша есеп беру



бет3/7
Дата17.05.2022
өлшемі41,77 Kb.
#34716
1   2   3   4   5   6   7

Библиографиялық тізім



Библиографиялық тізім ғылыми зерттеулердің (реферат, семестрлік, курстық немесе дипломдық жұмыстардың, диссертацииялардың және т.б.) қажетті құрылымдық бөлігі.

Библиографиялық тізім қандай-да бір тәртіппен орналастырылған баспадан шыққан шығармалардың немесе олардың құрамдас бөліктерінің библиографиялық сипаттамаларының тізбесін, автордың тақырыппен жұмыс істеу барысында қолданған дереккөздерін құрайды.



2-тапсырма. Ақпаратпен танысып, мәтіннен кейін орналасқан сұрақтарға жауап беріңіз.
Библиографиялық тізім негізгі жұмыс мәтінінен кейін орналасады. Әрбір библиографиялық жазба тізімде реттік нөмірмен нөмірленеді және қызыл жолдан басталады.

Библиографиялық тізімдерді келесідей ретпен тізімдеуге болады:



    • алфавиттік;

    • хронологиялық;

    • жүйелік;

    • тізбектелген (мәтінде жарияланымның алғашқы ескертілу тәртібі бойынша) және т.б.


Алфавиттік, яғни библиографиялық сипаттамалардың басылым атаулары мен авторлардың алфавиттік реті бойынша орналасуы (егер автордың тегі көрсетілмеген, немесе авторлардың саны 4 немесе одан да артық болса). Бір автордың жұмыстарын атаулары бойынша алфавит ретімен, ал тегі бірдей авторлардың жұмыстарын – аты-жөнінің бірінші әріптері бойынша ретімен орналастырады. Бір тізімде әртүрлі алфавиттерді араластыруға болмайды. Шетелдік деректемелер әдетте жазбаша жұмыс тілінде барлық дереккөз тізімдерінен кейін алфавит бойынша орналастырады.

Хронологиялық тәртіпте материал басылым жылдары бойынша, ал әрбір жылда – кітаптардың атаулары мен авторлары бойынша ретімен орналастырылады. Хронологиялық тәртіп реті қандай да бір сұрақтың меңгерілген тарихын көрсетуге мүмкіндік береді. Кері хронологиялық тәртіппен орналастыру қазіргі заманғы сұрақтың жағдайына басты назар аударылған жұмыстарға арналып ұсынылады.

Әдебиеттерді жүйелі орналастырғанда библиографиялық сипаттамалар



білім салалары, жеке сұрақтар, жеке тараулардың бірлескен логикалық тақырыптары бойынша орналасады. Жүйелі бөлімдер қолжазба тарауларымен немесе тақырыптың маңызды мәселелерімен сәйкес дұрыс орналасады. Тақырыпқа түгелдей қатысы бар жалпы сипаттағы әдебиетті ерекше бөлімде бөліп көрсеткен жөн. Мәтінде әдебиеттің бірінші ескерту ретінде орналасуы жиі қолданылады. Дегенмен осындай орналасу тізімді қолдануды күрделендіреді өйткені, оның ішінде қамтылған тақырыпты қарау күрделі, ол бойынша материалда осы автордың жұмыстарына сілтемелер бар екенін тексеру оңай емес. Бұлай құрылған тізім толық болмайды, өйткені мәтінде ескертілген және дәйектелген ғана әдебиет қосылады, пайдаланылған жұмыстар көрсетілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет