Практикалық жұмыстың барысы:
№
|
Тәжірибенің орындалуы
|
Реакция теңдеулері
|
Байқалған құбылыстар
|
№1
|
Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып, қадағалаңдар:
А) Калий карбонаты мен тұз қышқылы;
Б) Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді;
В) натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы;
|
|
|
№2
|
Мынадай айналуларды іске асырыңдар:
Мыс (ІІ) сульфаты → мыс (ІІ) гидроксиді → мыс (ІІ) оксиді → мыс (ІІ) хлориді
|
|
|
№3
|
Лакмус пен фенолфталеин қатысында бейтараптану реакциясын жүргізіңдер. Мысалы, натрий гидроксиді мен тұз қышқылы ерітінділері
|
|
|
№4
|
Үстел үстіндегі реактивтерді пайдалана отырып, алмасу реакциясы арқылы мына заттарды алыңдар:
а) темір (ІІІ) гидроксиді;
ә) мыс (ІІ) гидроксиді;
б) кальций сульфаты.
|
|
|
Қорытынды:
Қосымша тапсырмалар:
Төмендегідей қысқартылған иондық теңдеулері берілген реакциялардың толық молекулалық және
толық иондық теңдеулерін жазыңдар:
а) Н+ + ОН- = Н2О
б) Са2+ + СО32- = СаСО3
в) 2Н+ + СО32- = Н2О + СО2
г) Ва2+ + SO42- = BaSO4
3. Жасаған жұмысты қорытындылаңдар.
№1 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Электролиттік диссоциация тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Мақсаты: Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері тақырыбы
бойынша эксперименттік есептерді шешу
Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауық, суы бар стақан, кәрлен ыдыс, сіріңке,
шыра, спиртшам, сүзуге қажет құралдар. Тұз қышқылының, күкірт қышқылының
ерітінділері, натрий гидроксидінің, калий карбонатының, күміс нитратының, мыс
(ІІ)сульфатының, кальций хлоридінің, темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділері, кальций
карбонаты ( бор, мәрмәр ұнтағы), лакмус және фенолфталеин ерітіндісі.
Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау .
Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
2. Практикалық жұмысты орындау
№1 Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып, қадағалаңдар:
А) Калий карбонаты мен тұз қышқылы;
Б) Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді;
В) натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы;
Реакция теңдеулерінің толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
№2 Мынадай айналуларды іске асырыңдар:
Мыс (ІІ) сульфаты → мыс (ІІ) гидроксиді → мыс (ІІ) оксиді → мыс (ІІ) хлориді
Реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
№3 Лакмус пен фенолфталеин қатысында бейтараптану реакциясын жүргізіңдер. Мысалы, натрий
гидроксиді мен тқз қышқылы ерітінділері арасында толық және қысқартылған иондық теңдеулерін
жазыңдар. Байқағандарыңды қорытындылап, түсіндіріңдер.
№4 Үстел үстіндегі реактивтерді пайдалана отырып, алмасу реакциясы арқылы мына заттарды алыңдар:
а) темір (ІІІ) гидроксиді;
ә) мыс (ІІ) гидроксиді;
б) барий сульфаты.
Қосымша тапсырмалар:
Төмендегідей қысқартылған иондық теңдеулері берілген реакциялардың толық молекулалық және
толық иондық теңдеулерін жазыңдар:
а) Н+ + ОН- = Н2О
б) Са2+ + СО32- = СаСО3
в) 2Н+ + СО32- = Н2О + СО2
г) Ва2+ + SO42- = BaSO4
3. Жасаған жұмысты қорытындылаңдар.
№2 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Бейметалдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Оқыту мақсаты: Бейметалдардың қасиеттері мен қосылыстарын еске түсіріп, тақырып бойынша
эксперименттік есептерді шешу
Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауықтар. Тұз қышқылы, натрий гидроксиді,
натрий карбонаты, аммоний сульфаты, барий нитраты, қатты калий карбонаты,
аммоний нитраты, натрий фосфаты, лакмус және фенолфталеин ерітіндісі.
Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау .
Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
2. Практикалық жұмысты орындау
№1 Бар реактивтерді пайдаланып, төмендегі айналуларды іс жүзіне асырыңдар:
CuSO4 → Cu(OH)2 → CuCI2
реакциялар не себепті аяғына дейін жүретінін түсіндіріңдер.
№2 Үш сынауықта: натрий сульфаты, калий (натрий) карбонаты, аммоний хлоридтерінің
ерітінділері бар. Тиісті реактивтерді пайдаланып, әр сынауықтағы заттарды анықтаудың
жоспарын құрып, тәжірибені жүргізіңдер.
№3 Аммоний сульфатының (NH4)2SO4 құрамын дәлелдейтін сапалық реакцияны іске асырыңдар.
№4 Қажет реактивтерді пайдаланып, төменде берілген реакцияны жүзеге асыратын тәжірибені
орындаңдар:
1) 2Н+ + СО32- = Н2О + СО2
2) Cu 2+ + 2ОН- = Cu(OH)2↓
3) Са2+ + СО32- = СаСО3↓
Реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иондық тұрғыда жазыңдар.
Қосымша тапсырма
Екі стақанда жазуы жоқ мыс (ІІ) сульфаты мен натрий силикаты ерітінділері бар. Оларды қандай тәжірибенің көмегімен анықтауға болады?
Лабораторияда мынадай реактивтер бар:
а) калий гидроксиді ерітіндісі;
ә) қатты натрий карбонаты;
б) азот қышқылы ерітіндісі;
в) мыс(ІІ) хлориді ерітіндісі. Осыларды пайдаланып, қанша жаңа зат алуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып, реакцияның жүру белгісін көрсетіңдер.
3. Әуелі жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен
қорытындылап жазыңдар.
№3 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Металдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Оқыту мақсаты: Металдардың қасиеттері мен қосылыстарын еске түсіріп, тақырып бойынша эксперименттік есептерді шешу
Реактивтер мен құралдар: Сынауық қоятын тұрғы, сынауықтар, спиртшам. Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді, калий хлориді, темір (ІІ) хлориді темір (ІІ) сульфаты, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты, кальций оксиді, кальций гидроксиді, тұз қышқылы,көмір қышқылы, су.
Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау .
Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жасау.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
2. Практикалық жұмысты орындау
І нұсқа
№1 Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.
№2 Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.
№3 Мына сызбанұсқа бойынша :
СаО → Са(ОН)2 → СаСІ2 кальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.
ІІ нұсқа
№1 Темір (ІІ) хлориді, кальций хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.
№2 Темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.
№3 Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:
Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3
Қосымша тапсырма
Үш тәсілмен:
а) темір(ІІІ) хлоридін; ә) алюминий хлоридін алыңдар.
2. Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,
Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.
Лабораторияда мынадай реактивтер бар:
а) калий гидроксидінің ерітіндісі; ә) қатты натрий карбонаты; б) азот қышқылының ерітіндісі; в) концентрациялы күкірт қышқылы; г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі; ғ) мыс;
Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция
теңдеулерін жазыңдар.
3. Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен
қорытындылап жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |