Электронды журналдың тиімділігі
Мектепті басқару ЖҮЙЕСІНІҢ (SMS) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ ТУРАЛЫ» ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Нормативтік сілтемелер
Жалпы ережелер
1.1. «Мектепті басқару жүйесінің архитектурасы туралы» осы ереже (бұдан әрі ереже) жалпы орта білім беру ұйымдары үшін мектепті басқару жүйесі (бұдан әрі – SMS) модульдерінің құрылымына қойылатын талаптар мен нормалар жинағын, мектеп ішілік бақылауды, кадрлық есепке алу мен оқушылар есебін алуды, үлгерім есебін алуды, іс қағаздарын жүргізуді, құжат айналымын және оқулықты жоспарлауды, штаттық кестені, оқу жүктемесінің тарифі мен үлестіруін қалыптастыруды, тексеруші ұйымға беру үшін және ішкі пайдалану үшін стандарттық пен стандарттық емес есеп-қисапты дайындауды, мектепті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен SMS арқылы мүдделі пайдаланушыларды жедел хабарландыруды жүзеге асыруға қойылатын талаптар жиынтығын тағайындайды.
1.2. SMS өзі Мектеп порталының құрамында іске асырылған, порталдың сыртқы немесе ішкі (бағдарламалық) интерфейсі арқылы қол жететін, белгілі бір міндеттер жинағын іске асыратын e-learning электрондық оқыту жүйесі бағдарламалық кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. SMS көпшіліктің қол жетімділігінде тұрған сәйкес модульдермен берілетін контентпен жұмыс істейтін пайдаланушылық интерфейске және контентті дайындау мен басқару үшін әкімшілік интерфейске ие болуы тиіс. SMS-ті бағдарламалық іске асыру кезінде бағдарламалық кешеннің архитектурасына қойылған және әр түрлі ішкі жүйелердің өзара әрекеттестігіне, оның ішінде мәліметтер базасымен жұмыс істеуге жататын жалпы қағидалар сақталуы тиіс.
1.3. Ереже, меншіктік және ведомствалық бағыныштылық формасына тәуелсіз, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін мектепті басқару жүйесінің SMS педагогикалық архитектурасына біртұтас әдіснамалық амалды қамтамасыз етуге және SMS құрамына кіретін модульдер тізімін анықтауға арналған.
Нормативтік сілтемелер
Осы Ережеде келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:
2.1. «Білім беру туралы» № 389-1 2007 ж. 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы.
2.2. «Ақпараттандыру туралы» № 217-3 2007 ж. 11 қаңтардағы ҚР-ның заңы
2.3. «Қазақстан – 2030» Ұзақмерзімді Стратегия.
2.4. «Келешекті бірге құрамыз» 2011 ж. 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2.5. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы конецформыначалоформы.
2.6. 2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасын жылдамдатын индустриалдық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы
2.7. 2010-2014 жылдарға ақпараттық және қатынастық технологияларды дамыту бағдарламасы.
2.8. 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының № 160 қаулысымен 2011жылы 19 ақпанда бекітілген Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |