1 Практикалық сабақ Тақырыбы Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет21/31
Дата20.01.2022
өлшемі243,29 Kb.
#24140
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
БОИТП

Тақырыбы: Рефлексия

«Рефлексия» сөзі ежелгі латын тілінің «reflexio» сөзінен туындайды, аудармасы «кейінге үңілу» мағынасын білдіреді. Ожегов пен Шведовтың «Толковый словарі» аталған ұғымды өзін – өзі талдау, өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Сонымен қатар, айтарлықтай таратылған көзқарас, ол рефлексия – адам жанының өзіне қарай бағытталуы. Сондай – ақ, рефлексия – сөз туралы сөз деген ұғым да кең таралған.

Рефлексиялық қызмет – тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ойланудың ішкі үдерісі (ішінен ойлау).

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады.

Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу.

Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.



Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.

Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес. Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Рефлексивтік іс - әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. «Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсем: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтай алумен сипатталады. Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы = даму» түрінде ұсынады. педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс- тәсілдерін меңгертуді талап етеді. Оқу әрекетінің құрамына оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым қатынасын қалыптастыру ең басты мәселелердің бірі болады. Осындай күрделі құралдағы оқу әрекетіне байланысты оқушылардың сәйкесті ойлау қабілеті қалыптасады. Ал ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Оқу тапсырмасының әрбір кезеңін орындауда оқушылар білім негізін саналы меңгеріп, өз беттерімен әрекет жасауға мүмкіншілік алады. Сондай- ақ талдауға, нақты мақсатты анықтауға, тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, іскерліктерді жаңғыртуға, мақсатқа жетудің реттік амалдарын белгілеуге, тексеру мен бағалауға үйренеді.Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың негізгі құралы болып табылады.



Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады.Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Өкініші орай оқушылар өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін қойылған талаптары, шала түсінетіні, тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндігі, соның нәтижесінде жиі сәтсіздікке ұшырайтындықтары, уақыттан ұтылатындықтары, өздеріне сенімсіздіктері байқалады. Нәтижесі оқушы өз әрекетін талдай, бақылай білмейтіндігін көрсетті. Сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігін практика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады.

  1. Оқу әрекетінің құрамына тоқталып, мәнін түсіндіру.

  2. Орындалған әрекет тізбегін еске түсіру.

  3. Анықталған әрекет тізбегінен ең тиімдісін анықтау.

  4. Әрекеттер нәтижесін құрастыру және шығару. Мұндай нәтижелер бірнеше болуы мүмкін:

  • оқу әрекетіне байланысты идеялар, ұсыныстар жасалып, заңдылықтар анықталып, сұраққа жауаптар берілуі;

  • оқу әрекеті барысындағы қолданылған тәсілдер мен амалдардың анықталуы;

  • алдағы жоспарланатын оқу әрекетіне болжам жасалуы.

5. Оқу әрекеті барысында тексеруді және бағалауды жүзеге асыру. Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз ісіне жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін-өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады.

Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.

Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет