1 Практикалық сабақ Тақырыбы Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама



бет7/31
Дата20.01.2022
өлшемі243,29 Kb.
#24140
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
БОИТП

Проблемалық оқытудың маңызы

Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Пробле-малық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілер- дің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.

Биология пәнінің әрбір тақырыбын өту барысында ғылыми болжам жасауға жетелейтін проблемалық жағдаяттар тудыру ерекше орын алады. Проблемалық жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне әлі таныс емес қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған піірлерін негіздейді, қорғайды, ғылыми принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушы ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа келтіріп отыру оқытушының басты міндеті болып табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы шешуші тәсіл – проблемалық жағдаяттар тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады, ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады, төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа баулиды. Проблемалық жағдаяттар тудыру тәсілдерін өз тәжірибемнен келтірейін.

І. Алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтар дайындау.

ІІ. Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, шыққан нәтижелерге тоқталып ой жүгірту.

ІІІ. Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар орындату.

ІҮ. Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу.

Ү. Биологияны көркем әдебиетпен байланыстыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет