1 Практикалық сабақ Тақырыбы Білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама


Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, шыққан нәтижелерге тоқталып ой жүгірту



бет9/31
Дата20.01.2022
өлшемі243,29 Kb.
#24140
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, шыққан нәтижелерге тоқталып ой жүгірту.

Мысалы 8 сыныпта өткен «Ас қорыту мүшелері» тақырыбындағы сабағында шығарылуға берілген биологиялық есептерге назар аударайық.

Есеп №1. Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір айда,бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? (6 гр отбасы саны) 30 =

(6 гр отбасы саны) 365 =

Бұл есепті шығару арқылы оқушылар тұздың тәуліктік мөлшерін есте сақтайды және тұзды тағамдарды шектен тыс қолдану адам ағзасына зиян екендігіне көз жеткізеді.

Есеп №2. Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды.150 000 халқы бар қалада бір жылда қанша нан шығындалады? (1 гр 4 мезгіл)·150 000 = =600 000  = 600 кг

 600 кг · 365 = 219 000 кг = 219 т.

Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады. Бұл есепті шығару арқылы оқушылар ысырапшылдықты болдырмауға, үнемшілдікке үйренеді. Есептің шарты мен жауап арасындағы мүмкін болатын ойланыс пен толғанысты бастан кешіреді.


6 сыныпта «Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды отырғызудың мерзімі, тәсілдері» тақырыбы бойынша сабақты бекіту кезінде берілген есептерге назар аударайық.

1-есеп. Көп пәтерлік үйде 201 адам тұрады. 3 адам бір ағаштан өсіргенде үй жанында қанша ағаш өсіріледі?

Жауабы: 201:3=67 ағаш.

2-есеп. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға (га) егілмек?

Жауабы: 150 000:3=50 000 ағаш;

50 000×12=600 000 м2 = 60 га 

3-есеп. Жүз пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдегі барлық тұрғындарды оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егу керек?

Жауабы: 400:3=133,3 ағаш

4-есеп. Әрбір ұяның ауданы (35×20) см2 болған кезде, 1 гектар жерге қанша өсімдік отырғызуға болады?

Жауабы: 35×20=700 см2 =0,07 м2 ;

10 000: 0,07= 142 857 түп.

7 сыныпта «Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер» тақырыбына берілген есептер.1-есеп. Бидайдың «Безостая-1» іріктемесінен әрбір 50 мбөліктен 3 кг өнім жинаған. Ал 1 гектар жерден қанша өнім жиналған?

Жауабы: 10 000:50=600 кг.
7 сыныпта «Құстарды топқа бөлу» тақырыбын өткен кезде «Жыл құстары қайтар жолдарын қалай табады?» деген сұраққа берген оқушылар жауабына тоқталайық. «Cordis News агенттігі көшпелі құстардың кейбір түрлері жердің магнитті өрісін сезіп, содан бағыт алады деп хабарлаған. Германия және Франция ғалымдарының зерттеулері нәтижесінде бұл сезімдерді криптохрома деп аталатын жарыққа сезімтал молекулаларға байланысты екендігін анықтады. Криптохромалар терең спектрлік жарыққа да сезімтал болып келіп, өсу және даму кезіндегі өмірлік процестерде басты рөл атқарады. Құстардың магнитті өрісін сезулері жарыққа байланысты. Олардың «алтыншы сезімдері» көгілдір және жасыл жарықта да ғана сезімтал болады. Ал басқа жарық толқындарында  керсінше жұмысы баяулайды. Криптохромалар құс көзінің торлы қабықшасында болады. Жыл құстарының өз мекенін табуы керемет таңданарлық. Мысалы, біздің жерімізде мекен ететін қарлығаш жылы жаққа Африкаға ұшып кетеді.Қайтқанда өз мекеніне, өзінің ұя салған үйінің төбесіне қайтып оралады. Осы таңғажайып ішкі құпия механизмге байланысты. Мұны құпия деуіміз құстардың өз мекенін шатаспай дәл табуы әлі де болса құпия болып отыр. Ең жиі таралған теория бұл құстардың бағытты бір-біріне беріп отыруы. Мәселен топтың басындағы басшысы, соңынан жастары ұшып, үйге қайту бағытын үйреніп отырады», - деген жауап тауып келді.
6 сыныпта өткізілген «Жемістер» тақырыбындағы сабақта жемістердің құрылысын, олардың бір – бірінен ерекшеліктерін ажырата білу, жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және пайдасы туралы бұрыннан білетін білімдерін жетілдіру, оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, сауаттылыққа, салауатты өмір салтына және табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу мақсаты жоспарланды.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: (жеке, топтық жұмыс) миға шабуыл, деңгейлік тапсырма, мағынаны тану бөлімі, ойтолғаныс бөлімі, сәйкестік тест, семантикалық карта, логикалық-танымдық тапсырмалар берілді.

Жаңа технология: СТО

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Сынып “Гүл”, “Сабақ” және “Жапырақ” деген үш топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту. Жемістердің пайдасын білеміз бе?

Жемістер - өсімдіктер гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналық жатынының жеміске айналуы Жеміс құрылысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет