1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет13/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
24-жаттыту. Жуан сөздерді бір бағана, жіңішке сөздерді екінші, аралас сөздерді үшінші бағана етіп теріп жазыңдар.
Иса таяқты жібермей түрғанда, Тәкежан кеп, баласын тоқтатты. – Бар, Иса, бір топ қой ығып кетті. Бөлініп кетті талай, қой, жүгір, жүгірші шапшаң соның соңынан... Жет, жете көрші жылдам! – деді. Иса Әзімбайды таяғымен қоса итеріп тастап, жүгіре жөнелді. Қолында шоқпары, үстінде жалғыз көнетоз шапаны бар. Етігі де шоңқиған жыртық – тесігі көп еді. Жүгіре бере өкшесінен су кіргенін сезді. Бірақ оған қараған жоқ. Ығып кеткен қойдың артынан, жазықсыз малға жаны ашыған бетімен қатты жүгірді. (М. Ә.)

Сингармонизм заңы бойынша, сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: бала-лар, әке-лер , мектеп-ке, кітап-тap, қала-да , көңіл-сіз.


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды. Ондай қосымшалар көп емес.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
1. Көмектес септік жалғауы. Мысалы: даламен, санамен, айламен, ықыласпен, қонақпен.
2. -нікі (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -дар, -еке, -тар.
Мысалы: қаланікі, әкетай, өсімтал, діндар, ағаеке, кіріптар.
3. -бей, -би, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес.
Мысалы: бейшара, бисаят, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш , емхана , зиянкес.
4. -ов, -ова, -ев, ева, -ин, -ина. Мысалы: Хасенов, Есепова, Қанаев, Жумағазина.
Сингармонизм заңы бойынша жалғанатын қосымшалар мынадай жағдайда бұл заңға бағынбай қолданылады:
1. Соңғы буында ә дыбысы бар сөздерге қосымша жуан жалғанады. Мысалы: кінәлау, күмәндану.
2. X дыбысына аяқталған сөздерге қосымша жуан жалғанады:Мысалы: тарихтан, цехта, цехтар , штрихты.
3. Соңғы бітеу, тұйық буынды ю дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: парашютке , полюске.
4. Соңғы бітеу, тұйық буында я дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге жуан қосымша жалғанады. Мысалы: зарядтар, полярлық, поляктар.
5. Рк, рг, кт , кс, нк, лк, нг, нкт сияқты дыбыстар тіркесіне аяқталған орыс тілінен енген сездерге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы:паркте, хирургтер,Томскіден, фактісіз , шлангісін, полктe.
6. Кль , брь, дль дыбыстарына аяқталған сөздерге және бір буынды жіңішкелік белгіге аяқталған сөзге жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: ансамбльдің, октябрьде, бинокльден, рульді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет