4. Желінің өндіргіштігін жоғарылату әдістері. Желілік адаптер платасы мәліметтерді беруге маңызды
әсерін тигізетіндіктен ол барлық желінің өндіргіштігіне әсер етеді. Егер плата баяу болса, мәліметтерді желі бойынша беру жылдамдығы да жоғары болмайды. Мысалы, беруді бастауға болмайтын «шина» типологиясындағы желіде, кабель босамайынша, баяу желілік плата барлық пайдаланушыларға тосу уақытын үлкейтеді.
Желілік адаптер платасына физикалық талаптарды– ол пайдаланылатын айыру типі мен желі типін анықтаған соң – платаның мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлар қатарын қарастыру қажет.
Барлық желілік адаптер платалары белгілі минималды
және спецификацияларымен қанағаттанса, кейбір платалардың сервердің, клиенттің және барлық желінің өндіргіштігін жоғарылатын қосымша мүмкіндіктері бар.
Мәліметтердің беру жылдамдығына әсер ететін факторларға келесілер жатады.
- Жадыға тікелей қол жеткізу. Мәліметтер желілік адаптер платасының буферінен компьютер жадына орталық процессорға тимей тікелей беріледі.
- Адаптердің бөлінетін жадысы . Желілік адаптер платасының компьютермен бірге қолданатын өзінің меншікті оперативті жадысы болады. Компьютер бұл жадыны өзінің меншікті жадысының бөлігі ретінде қабылдайды.
- Бөлінетін жүйелік жадысы. Желілік адаптер платасының процессоры мәліметтерді өңдеу үшін компьютер жадысының бөлігін пайдаланады.
- Шинаны басқару. Желілік адаптер платасына компьютер шинасын басқару уақытша беріледі, және, орталық процессорды айналып өтіп, плата мәліметтерді тікелей компьютердің жүйелік жадысына жібереді. Оның үстіне, компьютердің өндіргіштігі жоғарылайды, өйткені бұл уақытта оның процессоры басқа есептерді шеше алады. Мұндай платалар желінің өндіргіштігін 20- 70 пайызға көтеруге қабілетті. EISA, МСА и PCI сәулеттері бұл әдісті қолдайды.
- Буферизациялау. Көпшілік желілік адаптер платалары үшін қазіргі мәліметтерді желі бойынша беру жылдамдығы тым жоғары. Сондықтан желілік адаптер платаларында жадының микросұлбаларының көмегімен буфер орнатады. Плата өңдей алатын мәліметтерінен көп мәлімет қабылдаса, буфер бұл мәліметтерді адаптермен өңделмейінше сақталады.Буфер платаға жүйенің тар орны болуына жол бермей өндіргіштігін арттырады.
- Орнатылған микропроцессор. Мұндай микропроцессормен желілік адаптер платасына мәліметтерді өңдеу үшін компьтер көмегі қажет емес. Көпшілік желілік платалардың желілік операцияларының жылдамдығын арттыратын өзінің микропроцессорлары бар.
Серверлармен желілік трафиканың көп бөлігі байланысты, сондықтан олар өндіргіштігі көп желілік адаптер платаларымен жабдықталуы тиіс.
Жұмыс станциялары егер олардың желімен жұмысы
желілік трафиканың аз мөлшерімен генерирленетін қосымшамен шектелсе, қымбатырақ желілік платаларды пайдалана алады (мысалы, мәтіндік процессорлармен). Басқа қосымшалар ( мысалы, мәліметтер базасы немесе инженерлік қосымшалар) олардың талаптарына сай келмейтін желілік адаптерлерін тез қайтадан жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |