2.3. Жадының базалық адресі Жадының базалық адресі (base address) желілік адаптердің платасымен енетін және шығатын мәліметтерге арналған буфер ретінде пайдаланылатын компьютердің (RAM) жадының аумағын көрсетеді.
Желілік адаптер платасының жадының базалық адресі болып D8000 табылады.
Кейбір желілік адаптер платалары мәліметтерді сақтауға арналған жадының белгілі көлемін бөлуге мүмкіндік беретін параметрлері болады (мысалы, 16 Кб немесе 32 Кб жадылы платалар болады) . Жадының көлемін қанша көп бөлуге болса, сонша желі бойынша берудің жылдамдығы жоғары болады.
2.4. Трансивер Трансивердің тағайындалуы 1.1. бөлімінде қарастырылды.Желілік адаптерлер сыртқы және қосалқы трансивермен беріле алатыны қосу керек. Сондықтан пайдаланылатын трансивердің типін мойнақтың көмегімен таңдау қажет.