1 Практикалык жұмыс Тақырыбы: Ақпаратты алғашқы өңдеудің материалдық модульдік жүйесі. Жұмыстың мақсаты



бет37/42
Дата11.03.2022
өлшемі3,17 Mb.
#27671
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Практикалык жумыстар

2. HTTP ГИПЕРМӘТІНДІ БЕРУ ХАТТАМАСЫ
2.1. HTTP хаттамасы туралы жалпы ақпарат
HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді беру хаттамасы) World Wide Web негізі ретінде жасалынды. HTTP хаттамасы бойынша жұмыс клиент-сервер принципі бойынша өтеді: клиент бағдарламасы ТСР – сервермен қосуды орнатады (порттың стандартты номері 80) және оған НТРР – тапсырысын береді. Сервер бұл сұратуды өңдейді және клиентке HTTP жауабын береді.
2.2. HTTP тапсырысының құрылымы

HTTP тапсырыс бос жолмен бөлінген сұрату тақырыбына және сұратудың денесінен тұрады. Сұрату денесінің болмауы мүмкін. Сұратудың тақырыбы сұратудың негізгі (бірінші) жолынан және басты жолда сұратуды нақтылайтын келесі жолдардан тұрады. Келесі жолдардан Host параметрінің хабарламасы бар жол ғана міндетті болып табылады. Бірінші жолда сұратудың тақырыбы сұрату әдісінің бос орны, сұратылатын құжаттың URI (әдетте «/» белгісімен басталатын қатыстық адресі көрсетіледі) және хаттаманың нұсқасы арқылы көрсетіледі. Сұратудың қалған жолдарында параметрлер келесі форматта беріледі:


Параметрдің аты: параметрдің мағынасы Ең қарапайым HTTP сұратудың үлгісі:
GET / HTTP/1.1 – сұрату тақырыбының бірінші жолы Host: ya.ru - сұрату тақырыбының екінші жолы
- бос жол
Сұратудың әдістері:
GET – мәліметтерді сұрату (HTTP-тақырыптарымен бірге) HEAD - HTTP-тақырыптарын мәліметтерсіз сұрату.
POST – мәліметтерді серверге жөнелту
POST сұратуы үшін міндетті параметрлері болып тапсырыстың денесінің типі (Content-Type) және байттардағы сұрату денелерінің ұзындығы (Content-Length) табылады.
HTTP сұратудың жиі қолданылатын параметрлері:
Connection (соединение) –Keep-Alive және close
мағыналарын қабылдай алады.
Keep-Alive ("оставить в живых") берілген құжатты бергеннен кейін сервермен қосылуы үзілмейтінін және басқа да сұратуларды жіберуге мүмкін дегенді білдіреді. Браузерлердің көпшілігі Keep -Alive режимі жұмыс істейді, өйткені ол сервермен бір рет қосылуда HTML – бетін және оның суреттерін алуға мүмкіндік береді. Бір рет орнатылғаннан кейін Keep-Alive режимі бірінші қатеге дейін немесе кезектегі Connection: close сұратуындағы нақты нұсқауға дейін сақталады.

close ("закрыть") – берілген сұратуға жауаптан кейін қосылу жабылады.


User-Agent – мағынасы браузердің "кодовое обозначение" болып келеді, мысалы:
Mozilla/4.0 (compatible; MSIE 5.0; Windows 95; DigExt)
Бұл параметрде клиенттің операциялық жүйесі жиі көрсетіледі.

Accept – берілген браузердің таңдауын тәртіпте ұстайтын браузермен сүйемелденетін типтердің тізімі. Мысалы, IE5 үшін бұл параметр келесі мағыналарды құрайды:


Accept: image/gif, image/x-xbitmap, image/jpeg, image/pjpeg, application/vnd.ms-excel, application/msword, application/vnd.ms-powerpoint, */*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет