1. Психолгия пәні дегеніміз



бет13/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
27.Сезгіштік дегеніміз.
СЕЗГІШТІК – 1) организмнің түй- сіне аларға қабілеттілігі. Ол фило- генезде тірі организмдер қоршаған ортаның факторларын, тікелей био- логиялық мәні бар әсерлерге қатысы жөнінен сигналдық функция атқаратын осы факторларға жауап әрекет білдіре бастаған кезде пайда болды;
2) дифференциалдық психология мен мінезтануда – аффектілік реак- цияларға көтеріңкі дайындық; 3) пси- хофизикада – түйсіну табалдырығы- на кері пропорционал шама. Осы- ған сәйкес, абсолюттік және диф- ференциалдық (айырымдық) сезгіш- тік сараланады. Сезгіштік түрлерінің таптастырылуы түйсінулердің қазіргі таптастырылуларына сәйкес келеді. Мысалы, жасалатын сенсорлық тал- даудың егжей-тегжейлілігі дәрежесі бойынша ерекшеленетін сезгіштік түрлерін ажыратады.
28.Жоғары сезімдерге қандай сезімдер жатады.
Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді (моралдық, интелектуалдық және эстетикалық). Жоғары сезімдердің мазмұны, олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.
Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді.
Адамгершілік (моралдық) сезімдер дегеніміз дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі және бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Эстетикалык сезімдер. Қоғамның даму үрдісінде адам моралдық талаптармен ғана емес, сонымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ие болады. Интеллектуалдық сезімдер — адамның ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты. Интелектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және практикалық мәселелерді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл-күйді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет