1. Психолгия пәні дегеніміз


Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауы



бет32/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
67.Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауы.
Ойлау іс-әрекеттерініңқалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттері форма, не сөз бен сан сияқты белгілер арқылы қабылданады.
Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне үзіліссіз өрістеп, кеңеюіне байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бірнеше рет әрекет ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен сапаларын ерте ажыратып, сол зат туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп, аз әрекет ететін болса, оны тек қана бір жақты танып біледі. Заттар мен тікелей әрекет етіпанықтап білу нақты бейнелік ойлаудың дамуына әсер етеді. Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей байланысты. 6 жастағы балалар үшін көрнекі амалды ойлауының маңызы зор. Баланың жасы өскен сайын мәселені өз бетімен ойлап, шешуі кеңейеді. Бірақ әрекеті икемсіз болады. Ересектер тобынан бастап, практикалық әрекет арқылы сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
68.Мекепке дейінгі жастағы баланың тілін дамыту.
Сөйлеу – бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана білу,осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарына түсініп жауап беру болып табылады.
Балабақша тәрбиесінде бала тілін дамыту мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшелігіне сай арнайы бағдарламаға сүйене отырып жүргізілетіні барлығымызға белгілі.Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу және осы сөздерді күнделікті қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлген.
Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу үшін олардың айналасында әсерлі орта немесе заттық-дамытушы орта жасау керек, сол арқылы одан мәдени үлгі алатын болады. Кез келген топтарда сабақ жүйесі немесе сабақ жоспарлары , ойын түрлерінен, ойын жаттығулардан ,тілдік көркемдік материалдардан тұрады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың кіші тобында тіл дамыту сабағы басымдау бағытта болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет