62.Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі таңда мектепке дейінгі балалардың психикалық және танымдық прцестерін зерттеуге аса назар аудару басты проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан балдырғандардың бойындағы психикалық прцестер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдаудың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің пайда болуын, өзгеруін, жетілуін және қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу көкейкесті және ғалымдардың назарын аударарлық мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар – спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген және өзара байланысқан үлгілері). Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.
63.Баланы мектепке оқытуға психологиялық дайындық дегеніміз. Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында құрбылармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей. Мектепке психологиялық дайындық проблемаларының теориясы Л.С.Выгодскийдің еңбектеріне негізделген.
Л.И.Божович: «Мектепте нәтижелі оқуға ықпалын тигізетін- баланың психикалық даму параметрлері: оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері- баланың мотивациялық даму деңгейі; ырықты тәртіптің және интеллектуалды сфераның дамуы». Мектеп балалық шақ пен ересек өмірлерін біріктіретін буын. Егер балаға мектепке дейінгі мекемелерге бару міндетті болмаса, мектепке бару –міндет, сонымен қатар бала құрбылармен, ересектермен қарым-қатынаста болады.
Сонымен қатар мектепке психологиялық дайындықта- сөйлеу дамуына көңіл бөлінеді. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, оның логикалық ойлау деңгейін бейнелейді. Бала сөздерде жеке дыбыстарды таба білу қажет, яғни оның фонематикалық естуі дамыған болу керек.
Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: жоспарлау, бақылау, мотивация, интеллект дамуының деңгейі.