|
Психология ссалалары
|
Сипаттама
|
|
1
|
Еңбек психологиясы
|
Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
|
|
2
|
Педагогикалық психология
|
Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді.
|
|
3
|
Медициналық психология
|
Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады.
|
|
4
|
Инженерлік психология
|
Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады
|
|
5
|
Жас ерекшелік психологиясы
|
Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары:
1. Балалар;
2. Жеткіншектер;
3. Жастар;
4. Ересектер (акмиология);
5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
|
|
6
|
Арнаулы психология
|
Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады.
|
|
7
|
Салыстырмалы психология
|
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіредіСалыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
|
|
8
|
Әлеуметтік психология
|
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
|
|
9
|
Әскери психология
|
Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
|
|
10
|
Спорт психологиясы
|
Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерді қарастырады.
|
|
11
|
Сауда психологиясы
|
Сауда психологиясмы әрбір елдің саяси – экономикалық және мәдени – материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.
|
|
12
|
Ғылыми – шығармашылық психология
|
Ғылыми – шығармашылық психологияда шығармашылық адамының жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері,белсенділігі айқын көрініп,ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы,сезімдік рөлі,т.б, сипаттары зерттеледі.
|
|
13
|
Заң психологиясы
|
Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу және оларды тәжірибе жүзіңде қолданудың психологиялық мәселерін зерттейді.
|
|