1. Психология ғылым ретінде. Психологияның ғылым, психология саласы, басқа ғылымдармен байланысы ретіндегі түсінігі, мақсаттары, міндеттері, даму кезеңдері. Психика және сана туралы түсінік, психиканың құрылымы. Психология


Бастауыш сынып оқушыларының негізгі дене қимылдарына



бет6/6
Дата05.06.2022
өлшемі28,52 Kb.
#36386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 билет

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі дене қимылдарына жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу, асып түсу, шығу, тепе-теңдікті сақтау түрлерін дұрыс қалыптастыру негізгі мақсат болып табылады. Бұл дағдыларды қалыптастыру кезінде балалардан ынталы болуды, дұрыс орындауға талпынуды, оларға нақты нұсқаулар беруді, орындауларына көмек көрсетуді талап етеді.
Дене шынықтыруды қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор.
Бастауыш сыныптарда дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ең негізгі міндет «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістері қолдану арқылы жүргізіледі. Ол үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға, яғни олардың дене құрылысының дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Сыныптарда, одан тыс кезде мұғалімдер балалардың қимыл белсендігін арттырып отырады. Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде, ойын элементтерін жиі қолданады, ал серуен кезінде тәрбиешілер тікелей тапсырма беру арқылы балаларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарды сапалы жасауға ұмтылдырады.
Дене бітімінің дұрыс дамуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар, Шульц тәсілі бойынша дем алу жаттығулары өткізіледі. Мұғалімдер дене шынықтыру сабағының әдісіне ерекше назар аударып, сабаққа қажетті құралдарды, түрлі әдістерді дұрыс іріктеп қолдануға жете мән береді. Жыл мезгіліне байланысты сабақ жүргізу әдісі де өзгеріп отырады. Мұндай сабақ қимылды ойын комплексі, спорттық жаттығулар түрінде жүргізіледі.
Білім мен тәрбие беру саласында бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет