2. Шамаларды оқыту әдістемесі
Тақырыптың міндеттері:
1.Кесіндінің ұзындығы туралы нақтылы бiлiм қалыптастыру
2.Ұзындық бiрлiгiмен, олардың арасындағы қатынаспен таныстыру
3.Өлшеу дағдыларын калыптастыру (сызғыш)
4.Ұзындықты қосу және азайту (санға көбейту және бөлу )
5.Дененің массасы және ыдыстың сыйымдылығы туралы нақты түсiнiк калыптастыру
6.Окушыларды масса бірліктері ( кг,т,д) және олардың арасындағы қатынаспен, сыйымдылық бiрлiгi литрмен таныстыру
7.Өлшем бірліктерін өрнектей білуге үйрету
8.Масса бiрлiктерiн қосу және азайту (санға көбейту және бөлу)
9.Көлем. Текшенің көлемін таба білуге үйрету, іс жүзінде қолдана білу білігін қалыптастыру
10.Уакытын өлшем бірлігімен және олардын арасындағы катынаспен таныстыру
11. Сағат аркылы yaқытты aнықтай білуге үйрету
12.Уақыт бiрлiктерiн косу және азайту (санға көбейту және бөлу ) біліктілігін қалыптастыру
13.Аудан ұғымымен және шаршы сантиметр ұғымымен таныстыру
14.Палетка арқылы фигураның ауданын табуға үйрету
15.Тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табуға үйрету, іс жүзінде бiлiктiлiгiн қалыптастыру.
16. Шаршы дециметрмен, шаршы милиметр , ар , гектар , шаршыметр бiрлiктерiмен және арасындагы қатынаспен таныстыру
Шама ұғымы және оны оқыту әдістемесі
Шама— мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылган негiзгi математикалық ұғымдардың бірі . Ұзындық, аудан, салмақ сияқты тағы басқа нақты ұғымдардың жалпылануы нәтижесінде алғашқы шама ( скаляр оң шама ) ұғымы пайда болды.
Ұзындық- егер тетiк сызбада бiрақ көрiнiсiмен кескінделген болса , оның ұзындығының сандық мәнiнiң алдына " L " деген таңба қойылады . Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі — метр.
Аудан ( геометриялық мағынада ) , S - геометриялық пішіннің екі өлшемді кеңiстiктен алатын бөлігін сипаттайтын шама . Көлем - геометриялык денелердің кеңiстiктен алатын бөлігін сипаттайтын шама .
Векторлық шама - сандық мәнінен басқа кеңiстiктегi бағытымен де сипатталатын физикалық шама ; бір координат жүйесінен екiншiсiне өткенде бағытталған кесiндi проекциясы қалай түрленсе солай түрленетін координат есiндегi проекциясымен аныкталады . [ ] ]
Масса – материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама. Масса бірліктері: тонна , центнер , килограмм , грамм.
Ұзындык және оны өлшеу: См Дм М км Мм
См - ұзындықты өлшеу бірлігі. Шартты өлшеуiштiң үлгiсi ретiнде ұзындығы 1см жолақшаны тандап алу және соның көмегiмен кесiндiнiң ұзындығы өлшеудiң мән - мағынасын ашу.
Дм - ұзындық өлшеуiшi дециметр, оның мәнi, белiгленуi туралы түсiнiктер 1см жолақшаны бiр - бiрiне жалғастыра 10 рет 10см болатынын , 10см математикада дм деп аталатыны түсiндiрiледi.
Метр - күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындыкты өлшеудің бірлігі . 1 дм жолақшаны 10рет салып , жаңа ұзындық өлшеуiш метрмен.
Км - ұзындықтың жана бiрлiгi жайында түсiнiк беру және оның метр , сантиметр , дециметр мен ара қатынасын айқындау:
Мм - сызғышты пайдаланып , кесіндінің ұзындығын ұзындык өлшем бiрлiктерi аркылы өлшеуді үйрету .
Аудан және оның бiрлiктерi
Аудан карапайым шамалардың, соның iшiнде геометриялық шамалардың мысалы болып табылады. Алдымен, аудан - заттың касиетін сипаттайтынын түсіндірген жөн. Әр түрлі заттарды үстелге қойып, олардың әрқайсысының үстел бетiнiң бiраз жерін алып тұрғанын көрсетуге болады. Жазық фигураларды беттестіру кезінде «артық» , «кем» , «тең» деп айтуға болады, аудандары әр түрлі болса , бiрiнiң iшiне бiрi толык сыйып тұрады, ал аудандары бірдей болса , онда екеуі дәлме - дәл келеді.
Балалар көпбұрыштың ауданы мен периметрі ұғымдарын шатастырмауы үшiн, геометриялық фигуралардың ауданы мен периметрін қатар табуға арналған жаттығулар қарастырылады. Аудан шаршы сантиметрмен немесе шаршы дециметрмен өлшеу колайсыз болғанда біршама iрi аудан бiрлiгi шаршы метрді пайдаланады.
Бастауыш мектепте қарастырылатын шамалардың бірі - уакыт аралығы. Сағаттын қыска тiлi сагаттық тiл деп аталды. Ұзын тiлi минуттык тiл деп аталады. Ол кішкене екі сызықшаның аралығын 1 минутта жылдып етеді. 1 сағатта 60 минут бар. Ал 24 сағат 1 тәулікті құрайды . Уақыттың бұлардан басқа бiрлiктерi де бар : тәулік , ай , жыл , мүшел , ғасыр.
Сағат үлгісінің көмегімен күннің шыккан уақытынан бастап , ұясына батканға дейінгі және түнгi уакыттан күн шыққанға дейінгі уақытта бір тәулік ететінін түсіндіріп береді .
Секунд. Уакыттын жана бiрлiгi секунд жайында түсінік беру. 1 минуттың канша уақыт екенін секундтық тiлi бар сагатты пайдаланып көрсету керек. Минуттан да кіші өлшем бірлігі бар екенін , ол- секунд екені, 1 мин- 60 сек болатыны айтылады. 7 күн - 1апта , 30 не 3 күн -1 ай , 12 жыл -1 мүшел , 100 жыл - 1ғасыр
Көлем.
3. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің мақсаттары, міндеттері, Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.
Достарыңызбен бөлісу: |