1. Психология пәні, мақсаты, міндеттері



Дата06.01.2022
өлшемі16,58 Kb.
#15836
Байланысты:
1Психология пәні. Психологияның мақсат - міндеттері


1.Психология пәні, мақсаты, міндеттері

Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымныңөзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні - психика. Психология ғылым ретінде психиканыңәр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялыққұбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалыққұбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудыңқазіргі кезеңдегі психологиялықғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам.



Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалыққұбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердіңәр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оныңөткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалыққұбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардыңөзіндік заңдылықтарын айқындауды-сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психологияның тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология»термині гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); «Жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психология термині алғашқы да 16 ғ. пайда болды. Бастапқы да ерекше сезімді психикалыққұбылыстар зерттеулерімен айналысты. Ол құбылыстар әр адамды өзін-өзі бақылау арқылы көре алады. XVII-XIX ғ. психиканың зерттеу сферасы көбейді. ХХ ғ. психикалық зерттеулер көптеген ғасырлар бойы жинаған құбылыстар айнасынан бөлінді және өзінің бастапқы жағын жоғалтты. ХІХ ғ. психология ғылыми білімінің жеке және әрі эксперименталды аймағы болып қалыптасты. Психология алдымен өзіне субьективті құбылыстарды, яғни адам және жануар психикасын зерттеді. Басқа құбылыстар адам мен адамдар арасындағы байланысты реттеп, олардың іс-әрекетін басқарды. Сонымен қатар психология адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлқын, олардың психикалыққұбылысқа байланысын және оған тәуелділігін зерттеді.



Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.

Психология ғылымының міндеті - психикалықәрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу ( Жанқұбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияныңбасқа ғылымдармен байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтыңәлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету; Психология ғылымыныңқалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу).



Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оныңқылықтары қалай реттелетінін, психикалықәрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалыққасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалыққұбылыстардың адамныңөмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымыныңұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерініңқарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.

Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялыққызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет