Жоғары деңгейдегi сезiмдер. Адам жан дүниесiнiң сыры қоршаған ортаға əсер-ленiп қана қоймай, оның құпияларын танып бiлуге ұмты-луында. Мұндай əрекет адам сезiмiнiң жоғары деңгейдегi саналы əрекетiн, эстетикалық талғамы мен адамгершiлiк-моральдық қасиеттерiн сезiне бiлетiн көңiл-күйiне байланыс-ты. Жоғары деңгейдегi сезiмдердiң ақыл-ой, эстетикалық жəне моральдық-адамгершiлiк түрлерi бар.
Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты. Сезiмнiң бұл түрi - балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кiсiнi əрбiр нəрсенiң, құбылыстың, оқиғаның мəн-жайын жан-жақты танып, оларды тереңiрек түсiнуге жетелейдi, оның iзденiмпаздық əрекетiн тудырады. Iздену барысында адам түрлi жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасай-ды. Күмəндi жайттарды тəжiрибе жетiстiктерiмен салыстыра отырып, тексередi. Ақиқаттығы айқындалған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететiндiгiне деген сенiм сезiмi пайда болады. Сенiм оған күш-қуат берiп, көңiлiн көтередi. Ақыл-ой сезiмi - адамның кез-келген iс-əрекетiндегi рухтандырушылық маңызы зор көңiл-күй.
Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенiм-дiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй. Əсемдiктi қабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi - адамның өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай. Əсемдiктi қабылдау туа пайда болмайды. Əсемдiк əлемi адамға өзiнiң сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен жəне шынайы көркемдiлiгiмен əсер етiп, адамның мақсат-мүддесiне, рухани қажеттiгiне лайықты дамиды. Эстетикалық сезiм - мазмұны мен мағынасы жəне түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетика-лық сезiмдi табиғат пен адам қоғамындағы əсемдiктiң адамның жан дүниесiнде бейнеленiп, оның мiнез құлқына, дүниетанымына ықпал етiп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңiл-күйiн шалқытып, iс-əрекеттерiн өрiстетушi ықпал ретiнде қарастырады. Өнер мен музыка, əн-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесiн тебiрентiп, өмiрдiң неғұрлым мазмұнды болуына əсер етедi, оны шабыт-тандыра түседi. Мектеп пен оқу орындары түлектерiн əсем-дiктi қабылдап, оған əсерленуге, дүниенiң сұлулығынан лəззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тəрбиелеудi эстетика пəнi арқылы жүзеге асырады.
Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң лайық не лайық еместiгiн сезiнген көңiл-күйiн бiлдiредi. Адамгершiлiк сезiмi моральдық сезiм деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзi. Мағынасы - адамгершiлiк. Адамгершiлiк сезiм қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтар-дың əлеуметтiк жағдайы - мұның бəрi адамгершiлiк сезiм көрiнiсiнен байқалып тұрады. Адамгершiлiк сезiмiнiң принципi мен жалпы негiзi - белгiлi бiр қоғамдықэкономикалық сатыларда əлеумет мүшесiнде қалыптасып отыратын мiнез-құлық көрiнiстерi. Гуманистiк жəне демократия үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер - борыш сезiмi, əркiмнiң өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы, əрбiр адам-ның жеке-даралық қасиеттерiн сыйлау, үлкенге құрмет, кiшiге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық жəне əр түрлi ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкiлдерiне деген жалпы гуманистiк қарым-қатынас. Адамгершiлiк сезiм кiсiнiң өткен өмiрiндегi елестерiне, мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруы мен идеяларына жəне дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық iс-əрекет түрлерiне байланысты болып келедi. Адамның жоғары деңгейдегi сезiмдерiнiң қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзiнiң жеке басына деген жауап-кершiлiктi сезiнуiнде жатыр. Екiншiден, ол отбасындағы тағылым-тəрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрiстейдi.