3.Психология ғылымының салалары мен тармақтары Психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
Психологияның негізі-жалпы психология.Бұл саланың атқаратын қызметі:психиканың жоғары жалпыланған заңдарын,заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді.
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
а) Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру,өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады.
ә)Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
б)Ғарышкерлік психология — адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:
а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттейді.
Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.