20.К.К. Платонов бойынша тұлғаның иерархиялық құрлымы Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның жеке ерекшеліктері. Негізінен темперамент қасиеттерін мінез-құлық қасиеттерімен нешеде қабілетпен шатастыруға болмайды. Темпераменттің негізі қасиеттері:
- адамның қоршаған ортаны меңгеруі, әр жерде өзін ұстай білуі және көрсете білуінен байқалады;
-оның іс-қимылынан, етілігінен, сөзшеңдігі мен күшінен аңғаруға болады;
-эмиоциясынан, т.б аңғаруға болады;
Жалпылама темперамент адамның іс-қимылынан, мінез-құлқынан, қылықтарынан байқалады.
Темпераментті Гиппократ бойынша жіктеу және И. П. Павлов бойынша темперамент түрлерінің физиологиялық мәні
Темперамент термині ерте кезде пайда болған. Ертеде грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ пен оның шәкірттері айтуы бойынша, адам ағзасының жағдайы адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың, яғни, қан, шырын, өт сияқты сандық ара қатынасына байланысты. Бұл сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше "красис" деп аталады. Жүздеген жылдардай жұмыс істегеннен кейін рим дәрігерлері бұл ұғымды латынша temperamentum деп атады, ал кейінірек "темперамент" термині шықты. Гиппократ темпераменті адамның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері.
Темперамент табиғатын табиғи тұрғыдан И. П. Павлов жүйке жүйесінің негізі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп береді. И. П. Павлов жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:
1. қозу мен тежелу үрдісінің күші. Ол жүйке жүйесінің клеткаларының жұмыс жасау қабілетіне байланысты;
2. жүйке жүйесінің тепе-теңдігі, демек қозу күшінің тежелу күшіне сәйкес келу дәрежесі;
3. жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы, яғни қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше
И. П. Павлов жүйке жүйесінің 4 негізгі түрін ажыратты:
1. күшті, ұстамсыз;
2. күшті, ұстамды, қозғалғыш;
3. күшті, ұстамды, сылбыр;
4. әлсіз;
Әлсіз тип. Бұл типтегілер негізінен күшті, ұзақ мерзімді тітіркендіргіштерге қарсы тұра алмайды. Қозу мен тежелу үрдістері әлсіз болып келеді.
Күшті, ұстамды тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшеленеді. Олар негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен-қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен ерекшелінеді.
Күшті, ұстамды, қозғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды. Алайда олардың жылдамдығы, қозғалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.
Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Бұл типтегілер негізінен күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен өзге типтерден ерекшелінеді. Сырттан қарағанда бұл типтегілер салмақты, орнықты, қиын қоздырғыш тип.