5.Адам психикасы мен санасы 6.Негізгі ғылыми бағыттар 7.Психика дамуының негізгі кезеңдері Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді: 1. Психология жан туралы ғылым; 2. Психология сана туралы ғылым. 3. Психология мінез-құлық туралы ғылым. 4. Психология психиканы зерттеуші ғылым.
Бірінші кезең- адам өмірінде түсініксіз болмысты жанның бар болуымен түсіндіреді. Бұдан екі мың жыл бұрынғы көзқарас. Осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан бері қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды.
Екінші кезең - психология сана жөніндегі ғылым. ХVII- ғасырда жератылыстану ғылымдарсының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттену қабілеттерін сана категориясымен баламаластыр ғ ан. Ал сананы зерттеудң негізгі әдісі адамның өзін - өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
Бұл кезең Декарттың сана ұғымымен байланысты. ХVIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамның дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi — рефлекс жəне сананы бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» (екi тарапты) атауын алды. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.
Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылды. ХХ ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңдде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.