Байланысты: 1. Психологиядағы ерік түсінігі Ерікті актінің құрылымы-emirsaba.org
Қайырымдылық - адамның ерекше маңызды, әлеуметтік жағынан мәнді эмоциялық сапаларының бірі. Әсерленгіштік- жеке адамдық қасиетін өзіндік бір көрінісі. Егер эмоциядык сипаттарды адамдарға мінездеме беру негізіне алатын болсақ, онда бұл белгілерге қарай мінез - эмоциялық, синтементальдық, албырттық және ең соңында, салқын қандылық болып бөлінеді. Эмоциялы адамдар эмоциялық жағынаи қозғыш, тітіркендіргіштер әсерінен тез «лап еткіш» келеді. Олар үшін жиі аффектіге ауысатын тез көтерілгіш, албырттық тән. Тебірентерлік әсер оларды баурап алады, олар бұл кезде объектінің мазмұны жөнінде ойланып пікір айтудан гөрі өз тебіреністерін талдауға көбірек беріледі. Сентиментальды мінезділер еліге, сырттай қараушылықпен сипатталады. Сентиментальды мінезділер сезімшіл және енжар болады. Олардың сезімдері бедсенді әрекет тудырмайды, көңіл күйлері сыртқа тегппей бұғып жатады, әрекетпен ұштаспайды. Сезімнің өзіне бағытталуы, яғни көңіл күйін қызықтауға талпыныс байқалады. Албырт адамдар айрықша әрекетшіл, талапкер және сүйікті ісіне берілген, олар мәнді детынышсыз мол эмоциялы өмір сүреді. Олар әрқашанда бір нәрсеге құмартады. Қайраттық күшін сарқа күшін жұмсау - бұларға тән қасиет. Кейде өмірі мен қызметінде эмоцияның ерекше мәні болмайтын адамдар да кездеседі. Оларды салқын қанды немесе «байсалды есептің адамдары» деп атайды. Бұл адамдарды ешқандай сезімсіз, ешнәрсеге тебіренбейтін, қуанбайтын, ренжімейтін адамдар деуге болмайды. Бұларда сезім, эмоциялық күйдің шамалы ғана көрініс беретіндігі сонша, ол мінез- құлыұ, қылық, әрекетке іс- жүзінде айтарлықтай әсер ете алмайды. Олар ақыл ыңғайымен өмір сүреді. Оларға эмоциялық күйге берілмейтіндік, әсерленбейтіндік және әдетте қатаң іскерлік деп аталатын қасиеттер тән.
http://emirsaba.org