1. Р. Сыздық, Б. Шалабай, А.Әділова Көркем мәтінді лигвистикалық талдау. Алматы, 2002


Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы: Ғылым



бет3/3
Дата16.10.2023
өлшемі14,53 Kb.
#116564
1   2   3
Байланысты:
1. Р. Сыздық, Б. Шалабай, А.Әділова Көркем мәтінді лигвистикалық-emirsaba.org

Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы: Ғылым
Р.Сыздықова жыл сайын бір еңбек шығарып отырған. Осындай жарияланған ғылыми еңбегі жағынан алғанда, онымен басқа лингвистеріміз жарыса алмайды.Сондықтан да болар ол басқарып отырған тіл мәдениеті бөлімі институт бойынша «Социалистік жарыстағы жоғары көрсеткіштері үшін» деген жүлдені басқа бөлімдердің ешбіріне берген емес. Р.Сыздықованың басты-басты еңбектерін қысқаша атап өтейік: 1.«Қазақ тілі методикасының негізгі мәселелері»(1954 жыл). 2. «Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы бойынша анықтағыш» (1959 жыл). 3. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігі (соавтор, 1960 ж.) 4. «Абай шығармаларының тілі» (1968 ж.) 5. «Абай өлендерінің синтаксистік құрылысы » (1971 ж.) 6. «Сөздер сөйлейді» (1980 ж.) 7. «Сөз сазы» (1983 ж.) 8. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (1984 ж.) 9. «Жаңа сөздер мен тіркестер» (соавтар, 1984 ж.) және т.б. Р. Сәтіғалиқызы «Абайдың сөз өрнегі», «Сөз құдіреті» және «Сөздер сөйлейді» атты үш монографиялық еңбегін баяндау стилімен тақырыбы жағынан өзіне өте ыстық кітаптар санайды. Әсіресе көркем мұраларды құмарта оқитын жұртшылықтың қолына тиген «Сөздер сөйлейді» (1980, 1994) деген еңбегі ғалымның аса бір зеректікпен орындаған жұмысы болды. Онда ақын–жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланды. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қажетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасын күнгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-моңғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің әуелгі мәні анықталып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тәсілдері, шарттары айқындалады. Сөздердің көп мағыналылығы, тарихи кезеңдердегі тұлғалық және мағыналық өзгерістері ашылады.
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы: Санат, Р.Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты еңбегі лингвостилистикалық зерттеу болып табылады. Зерттемеде лингвопоэтикалық танымның нысаны мен мақсат-міндеттерін саралаудан, Абай тілін танудың қырларын анықтаудан басталады. Еңбектегі «Сөз- өлеңнің арқауы» деп аталатын тарау поэтикалық сөз мәселесіне бағышталған болса, келесі тауарларда ұлы ақынның сөз құбылту шеберлігі, сөзді үндестіру құпиялары, қара сөздерінің стильдік және тілдік табиғаты айқындалады, Абай дәстүрінің сабақтастығы мәселелері баяндалады.
Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы: Білім
Ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен әдебиет тарихы мәселелеріне арналган. «Қазақ совет әдебиеті тарихы» (Зт., 1948, 1960), «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері» (1949) авторларының бірі. Шалабаевтың «Жекпе-жек» повесі, (1936), «Өмірде не болмайды» (1961) әңгімелер мен фельетондар жинағы 1961 жылы жарық көрді. В.Г. Короленконың «Тілсіз» повесін, М. Горькийдің «Жастар мен балалар туралы» мақалалар жинағын, В.Г. Белинскийдің таңдамалы шығармаларын қазақ тіліне аударды.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет