1. Р. Сыздық, Б. Шалабай, А.Әділова Көркем мәтінді лигвистикалық талдау. Алматы, 2002


Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. Алматы, 1999.- 197 б



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі14,53 Kb.
#116564
1   2   3
Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. Алматы, 1999.- 197 б.
Оқырманның көркем мәтінді қабылдап, түсінуі, интерпретациясының
субъективтілігі, әр алуандығы, күрделілігі, маңыздылығы соншалық, қазіргі
психолингвистикада атақты қаламгерлердің көпке белгілі шығармаларын
түрліше топтастыру қалыптасқан. Ол топтастыру қысқартылған
(компрессивті) мәтін немесе тиянақталған ойды білдіретін түрлі көлемдегі
микромәтіндерден тұратын «Проективті әдеби тест» нәтижесіне негізделген.
Бұл микромәтіндерде көркем шығарманың басты кейіпкері, оған қатысты
негізгі оқиғалар беріліп, оларды сынаққа қатысушы оқырмандардың қалай
қабылдағаны эмоционалды-психологиялық тұрғыдан жіктеледі. Көркем
мәтіндерде оқырман қандай эмоционалды мағыналық ұйытқы сөздер
жиынтығын, қандай лексика-семантикалық топтағы сөздерді
өзектілендіретінін, яғни эксперименталды қабылдау нәтижелерін ескеріп,
психолингвистер әдеби туындыларды «көңілді», «ашық немесе жарқын»
(«светлые»), «әдемі», «қоңырқай немесе сұрқай» («темные»), «күрделі»,
«мұңды» деген негізгі топтарға біріктіреді. Мәтіндердің бұлардан басқа
«дағдылы емес» (психикалық ауытқушылықты), «интенсивті»
(әлеуметтенуге қарсылық), «шаршаңқы» (психикадағы құбылмалылық),
«мағынасыз» (депрессия, эпилепсияға бейімділік) түрлері де болуы мүмкін
деген болжам ұсынады [80:209-215]. Бұл, әрине, талассыз пікір емес, алайда
көркем мәтінді талдағанда оқырманның мәтінді қабылдауын ескеру
қажеттігін дәлелдейді.
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы, 1995. –172 б.
Мәтін үзіндісінде жазушы эпитет, теңеу арқылы табиғат құбылыстарын әсерлі етіп суреттеген. Табиғат ананың ғажайып суреттерін көз алдыңа сол әсем қалпында жеткізуге тырысқан қаламгер тілдік бояуларды аса дәлдікпен жұмсаған. Немесе мына үзіндіде: «Қызыл Жебеге қонған Рысқұлдың сирек жылжитын қаһарлы қарасұр өңінен нұр төгіліп, көздері шоқ шашып, әруақ қуып арқасы қозған бақсыдай, айбыны асқақтап шыға келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сезгендей, ауыздықты қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе шірене тартылған садақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып тұр еді» - автор кейіпкердің бет-пішінін, сыртқы көрінісін, портретін жасау үшін теңеуді тиімді пайдаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет