1 раздел Основные понятия информатики



бет70/72
Дата20.03.2023
өлшемі1,69 Mb.
#75555
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Құрт секілді вирустар
Құрт вирустар олар қолданушының қатысунсыз программалық қамтамасыз етудегі қателер мен кемшіліктердіпайдалана отырып таралатын вирустар.
Трояндық вирустар
Басқа программалардың ішінде тығылып тұрады және көбінесе компьютерге жүктелетін программалар. Олар мәліметті жою, өзгерту мен көшіруге, бұғаттауға әкеліп соқтырады.
Ақпаратты қорғау – бұл қорғалатын ақпараттың жоғалтуды болдырмау бойынша әрекеттер.
Ақпараттық қауіпсіздік деп авторизацияланбаған доступтан, бұзылудан, модификациядан, доступтағы кешіктірулерден ақпаратты қорғау шараларын айтады. Ақпараттық қауіпсіздік деректерді жасау, оларды енгізу, өңдеу және шығару процесстерін қорғау бойынша шараларды өзіне қосады.
Ақпараттық қауіпсіздік кепілдік береді, содан келесі мақсаттарға қол жетеді:
- ақпараттың конфиденциалдылығы;
- ақпараттың және онымен қатысты процесстердің (жасау, енгізу, өңдеу және шығару) тұтастығы;
- қажет болғанда, ақпараттың қол жетімділігі;
- ақпаратпен қатысты барлық процесстердің тіркелуі.
1. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері хабарламаны мәтін арналмағандар үшін түсініксіз ету мақсатымен өзгерту үшін қолданылады.
Негізгі ұғымдар:
Мәтінін өзгелер үшін түсініксіз ету қажет хабарламаны бастапқы хабарлама немесе ашық мәтін деп атаймыз.
Деректерді шифрлеу – ашық деректерді шифр көмегімен шифрленген деректерге (шифр мәтінге, криптограммаға) түрлендіру процессі. Кейде бұл процессті деректерді шифрлеу деп атайды.
Шифр – көптеген ашық деректерді көптеген мүмкін шифр мәтіндерге белгілі ереже бойынша кілт арқылы қайтымды түрлендірулердің жиынтығы.
Кілт – қолданылатын шифрлеу әдісі үшін түрлендіруді таңдауды қамтамасыз ететін кей параметрдің нақты құпиялы күйі.
Симметриялық крипто-алгоритмдер
Әдетте құжатқа шифрлеудің қайбір (оны кілт дейік) әдісі қолданылады, содан соң құжат қарапайым құралдармен оқу мүмкін болмайды. Оны тек кілтті білетін адам ғана оқи алады. Сәйкесінше жауап хабарламаның шифрленуі жүреді. Егер шифрлеу және оқу үшін ақпаратпен алмасу процессінде бір ғана кілт қолданылса, онда мұндай криптографиялық процесс симметриялық болып табылады.
Симметриялық процесстің негізгі кемшілігі – ақпарат алмасуды бастамас бұрын кілтті жіберу қажет, ол үшін қорғалған байланыс қажет, яғни проблема қайталанады, бірақ басқа деңгейде. Сондықтан қазіргі уақытта бір емес, екі кілтті қолдануға негізделген несимметриясыз (немесе асимметриялық) криптографиялық жүйелерді қолданады
Асимметриялық алгоритмді қолдану кезінде алушы бастапқыда ашық арна арқылы жіберушіге кілтті жібереді. Ақпаратты алған соң алушы оны екінші, құпия кілт арқылы шифрлейді. Ашық кілттің криптоаналитпен ұсталуы жабық хабарламаны шифрлеуге мүмкіндік бермейді, себебі ол тек екінші, құпия кілтпен шешіледі. Сондай-ақ құпия кілтті ашық кілт арқылы анықтау мүмкін емес.
Вирустан қорғау үшін арнайы бағдарламалар:
Детектор-бағдарламалар белгілі вирустардың бірімен зақымданған файлдарды анықтауға мүмкіндік береді. 
Доктор-бағдарламалар немесе фагтар олардан вирус денесін жоя отырып зақымданған бағдарламаларды қалыпқа келтіреді.
Ревизор-бағдарламалар алдымен бағдарламалар күйі және дисктердің жүйелік аумақтарының мәліметтерін еске сақтайды, сосын олардың күйін бастапқымен салыстырады. Сәйкес келмесе, тұтынушыға хабарлайды.
Доктор-ревизор бұл ревизорлар және докторлар гибридтері, яғни файлдарда және дисктің жүйелік аймақтарында өзгерістерді анықтап қана қоймай, сондай-ақ оларды автоматты бастапқы қалыпқа қайтаратын бағдарламалар.
Бағдарлама-фильтрлер компьютердің оперативтік жадында орналасады, вирустар жіберетін қаратпаларды ұстайды да, тұтынушыға хабарлайды. Тұтынушы сәйкес бағдарламаның орындалуын рұқсат етуі немесе етпеуі мүмкін.
Антивирусты қауіпсіздіктің мына ережелерін сақтау да аса маңызды. 
Бағдарламаны алудың легальсыз жолмен алуды тоқтату.
Internet желісінен алынған бағдарламалармен сақ болу керек, себебі электронды байланыс арналары арқылы тарайтын вирустармен зақымдану жағдайы болады.
Дискета бөтен компьютерде болғанда әрдайым дискетаны бір немесе екі антивирусты құралдар көмегімен тексеру керек.
Өз тұрғын ауданыңызда компьютерлердегі вирустар және олармен күрес жүргізудің тиімді түрлері туралы ақпаратты тыңдау керек. Жаңа вирус шабуылдарына ең алдымен білім беру орындары компьютерлері ұшырайды.
Бағдарламаларды және деректерді жіберу кезінде өз дискетаңызды жазбадан қорғау керек.

3. а) 1101010101100(2)(8)= Х (16); б) 571 (8)= Х (2); в) DD2 (16)= Х (2);


Кафедра меңгерушісі _________________М.М. Коккоз


Әзірлеген ____________________ Жаркимбекова А.Т.
Әзірлеген ____________________ Кадирова Ж.Б.

Бекітілген: 12.11.2019 ж. № 7 хаттама


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет