Емтихан билеті №22
Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін
1. Web-технологиялар: HTTP, DHTML, CSS, JavaScript.
HTML (Hyper Text Markup Language) – вебшолғышта көрсетілуге арналған гипермәтіндік өлшеуіш тілі. Күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің мүшесі болып табылады. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар (шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.
HTML тілін британ ғалымы Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женев (Швейцария) Еуропалық ядерлік зерттеу орталығында жасаған болатын. Ол алғашында, ғылыми және техникалық документацияларды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде танылған. HTML көмегімен әдемі жасалған веб-парақшаны оңай және тез жасауға болады.
HTML құжаттар (.html немесе .htm кеңейтілімді файлдар) толық көрсететін арнайы бағдарламада өңделеді. Мұндай бағдарламалар – веб-шолғыштар немесе браузерлер деп аталынады. Қазіргі кездегі атақты браузерлер: Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer, Safari және т.б.
HTML құжаттар таңбалауға арналған тегтер көмегімен құрылады. Әрбір тегтердің бастапқы және соңғы түрі ажыратылады (кейбіреулерін санамағанда). Одан басқа тегтердің атрибуттары, яғни қасиеттері ажыратылады. Айталық, тақырыпқа түсін, өлшемін, қаріп түрін белгілеу үшін қолданылады. Келесі қарастыратын мысалда
тегі – параграфты көрсетеді және оның – align=”center” текстті ортасына дұрыстайтын атрибуты бар.
CSS (ағылшынша Cascading Style Sheets – стильдер кестелерінің тілі) – веб-парақшаларды форматтау үшін қолданылатын белгілеу тілі.
«Стильдер кестелерінің тілі» терминін Хокон Виум Ли 1994 жылы ұсынды. Кейіннен Берт Бос екеуі дамытты. 1996 жылы CSS1 шығарылды. CSS осылайша веб-технологиялар саласында кең қолданысқа ие болды.
CSS – HTML құжаттарға сыртқы көрінісін беру үшін қажет. Мысалы, шрифттар мен басқа да элементтердің түстерін, элементтердің өзара қатынасын, блоктардың орналасуын реттеп, өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, CSS көмегімен үлкен сайттар құрылымын, қайталанатын элементтерді оңай басқара аламыз.
CSS – қарапайым тексттік құжат болып табылады. Құжат құрылымы селекторлардан тұрады. Әр селектордың өз ережелері болады. Ережелерінде сол селектордың сипаты және сипат ережелері жазылады. Бір селектордың өзінде бірнеше ережелер жазыла береді. Мысалы, тақырыптың позициясын, орналасу ретін, қаріп түрін, түсін, стилін бір селекторда оңай жаза аламыз.
Негізгі селекторлар типтері:
– әмбебап селектор (универсалды) *{ … };
– тег селекторы p{ … };
– әулет селекторы ul em{ … };
– класс селекторы .class{ …};
– идентификаторлы селектор #id{ … };
– топ селекторы h1, h2, h3{ … };
JavaScript – объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады.
Аталған бағдарламалау тілінің тарихы 1992 жылдан Nombas компаниясынан бастау алады. Алғашында макростардың орнын басуға ыңғайлы болуы үшін, Си бағдарламалау тілінің синтаксисына ұқсата отырып, құрастырушыларға үйренуге оңай болу мақсатында Cmm (Си-минус-минус) скрипттік тілін өңдеуден бастады.
1995 жылдың 4 сәуірінде Брендан Эйх, Марка Андрессен және Билл Джой веб-дизайнерлер мен бастапқы құрастырушыларға ыңғайлы LiveScript (алғашында Mocha) тілін құрастырды. Құрылымына C мен Java бағдарламалау тілдерінің синтаксисі кіреді.
2. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен спецификациялар.
Достарыңызбен бөлісу: |