1 раздел Основные понятия информатики


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы



бет68/72
Дата20.03.2023
өлшемі1,69 Mb.
#75555
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін

1. Сымды және сымсыз желілік технологиялар. DHCP хаттамасы.


Ethernet– жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап,олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады. Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда,тиімді болып саналады.Тұтынушылар саны ұлғайған кезде бұл желініңжұмысы тиімсіз бола бастайды.Мұндай жағдайды тұтынушыларды шағын топтарға бөліп,сегменттер санын арттыру ең тиімді (оптимальды) тәсіл болып табылады.Соңғы кездерде әрбір үстелдегі компьютерлік жүйеге 10 Мбит/с жылдамдықты арнайы бөлінген арна беру ісі қалыптасып келеді.Мұндай тенденция онша қымбат емес Ethernet комутаторларының бар болуына байланысты қалыптасқан. Ethernet желісінде тасымалданатын пакеттер әртүрлі көлемде бола береді. Fast Ethernet желісінд'е' ағымдағы арнаны бақылай отырып,көпарналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD Carrier Sense Multiple Acces with Collision Detection) айқындай алатын Ethernet технологиясы қолданылады.Бұл екі технологияларда ІЕЕЕ 802.3 стандартына тнегізделген осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау кезінде (көбінесе) бірдей кабель типтерін,ұқсас желі құрылғыларын және біріңғай қолданбалы программаларды пайдалануға болады. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.


Соңғы кездерде 10Мбит/с Ethernet және 100Мбит/с Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра үйлестіреді қамтамасыз ететін жаңа шешім табылады.«Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы — желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрлғларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыларға байланысқанына байланысты) кез-келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді.Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор (3 Com SuperStack II Dual Speed Hub 500 сияқты) портымен байланыстырсақ,ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады.Оған қоса,мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің желілік жабдықтарын қарапайым күйде сақтап,желілік құрылғыларын мен тасымалдау арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік береді.


Gigabit Ethernet желілері Ethernet және Fast Ethernet желілерінің ифрақұрылымымен үйлеседі,оның үстіне олар Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық,яғни 1000Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің «қысылшаң» орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады. «Қысылшаң» орындар тасымалдау арналарының өткеру алабына сезімтал қолданбалы программаларға байланысты және интражелілер мен мультимедиалық программалардың трафиктері ағынының шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі Ethernet және Fast Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі болып табылады.Мұндай тәсіл – олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп,жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі.


АТМ (Asynchronous Transfer Mode) немесе асинхронды тасымалдау режимі – бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты ұзындықты ұялар қолданылатын коммутация технологиясы .Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сөзді,қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін жүзеге асыра отырып,жергілікті және аймақтық тармақталған желі рөлдерін атқара алады.Бұлардың жұмысы Интернет қызметі түрлерінен айрықша құрылып, арнайы инфрақұрылымның болуын талап ететіндіктен,олар желі сегменттерін бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі ретінде қолданылады.


Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын және технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген кумалы желі жасауды пайдаланылады.Олар сақина бойымен бір бағытта маркер деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жүруі арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды.Маркер сақина бойымен желідегі әрбір жұмыс станциясын айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады.Желідегі мәлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды, ал қалған станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Token Ring желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбит\с жылдамдықтармен тасымалдап, көбінесе IBM компьютерлер3 ортасында қызмет етеді. FDDI техрологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір станциядан екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама-қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады.Бұл тәсіл бір сақинада үзіліс болып қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін ұйымдастыру мақсатынд(көбінесе оптоталшықты кабельде) жасалады. FDDI желілері мәліметтерді 100Мбит\с жылдамдықпен өте үлкен қашықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да , жұмыс станцияларының арасы 2 км шамасында болады. Осы көрсетілген сақина түріндегі екі технология жаңа желілерді ұйымдастыруда АТМ және Ethernetтехнологияларының баламасы ретінде қолданылып келеді.
Wi-Fi
Атақты Wi-Fi (Wireless Fidelity) технологиясы концентратор арқылы 2-ден 15 аралығындағы компьютерлерді байланыстыруға ммүмкіндік береді. Компьютерлер саны 10 мен 50 аралығында болса бірнеше концентратор арқылы іске асады және де бұл технология қуатты сымсыз көпірлер арқылы 25 км қашықтықта орналасқан екі локальді желіні қосу мүмкіндігін береді.
Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:
- жергілікті есептеуіш желі;
- кенейтілген жергілікті есептеуіш желі;
- мобильді желі (тасмалданатын компьютер).
Сымсыз желілер
Сымсыз локальді желілер үшін (WLAN – Wireless LAN) аз қашықтыққа радиоканал арқылы қосылу қолданылады (әдетте 100 метр). Көбінесе екі жиілікті диапазон колданылады – 2,4 ГГц және 5 ГГц. Тарату жылдамдығы 54 Мбит/с дейін. 11 Мбит/с жылдамдықпен тарату кең таралған.
WLAN
желілері шектелген территорияда сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді (әдетте офис ішінде немесе университет ғимаратында).
Сымсыз желі келесі жағдайларда қолдану тиімді:
- адамдарға толы мекемелерде;
- бір орындарда жұмыс істемейтін адамдарға;
- онашаланған мекмеледе;
- жоспарлау үнемі ауысып отыратын мекемелерде;
- құрылыста, қазба жұмысы жүріп жатқан жерлерде және т.с.с.;
Cымсыз байланыс технологиялары жылдан жылға күштiрек таралуда. Жеке қарастырғанда сымсыз жергiлiктi желіні құрастыру үшiн IEEE 802.11x стандарттардың тобы туралы айтылған.
Сымсыз жергiлiктi желі технологиялардың стандартизациясымен IEEE 802.11x-шi тобы қолданатын болды. Мысалы, WLAN Wireless Local Area Network қысқартумен жиi кездеседi, немесе, сымсыз жергiлiктi желі.
WLAN - желi және Ethernet - желi ұқсастығы бар. (жеке алғанда - деректердi ортасына берудi тәсілі), алғашқыда RadioEthernet деп атайдыi. Бұл атаулар дегенмен ескiрдi және сирек қолданылады. Желiлердiң ең әйгiлi атауы Wi-Fi- Wireless Fidelity - "Сымсыз байланыс" деп аударылады.
Wi-Fi желiсінің жұмыс iстейтiн тағы басқа (IEEE 802.11a, b, g) бiрнеше стандарттары бар. Стандарттар жеке алғанда құрылымдаы мен деректердi беру жылдығымен ерекшелінедi. Бағалары қатты ерекшеленбейді, сондықтан желі құрар алдында тиімдісін және жылдамдығын қолданған жөн.
Bluetooth (IEEE 802.15.1)
Bluetooth (ағылш. Bluetooth — көк тіс) — радиомен тілдесу арқылы ақпарат алмасу технологияларының бірі. Ол 2,4 — 2,4835 GHz (ISM — Industrial, Science and Medical band, лицензиялау қажет емес диапазон) жиілік арасында 10 немесе 100 m (классына байланысты) арақашықтықта істейді.
WiMAX технологиясы
WiMAX – қарқынды дамып келе жатқан технологиялардың жиынтығы және ол іс жүзінде телекоммуникацияның барлық салаларымен байланысқан. Кеңжолақты сымсыз ақпарат тарату желілері бүгінгі күнде IT-индустрияның негізгі бағыттының бірі болып табылады. Бүгін WiMAX КСҚ рыногының едәуір бөлігін алады. Juniper Research болжамдарына жүгінсек 2013 ж. соңына қарай WiMAX абоненттік базасы 50 млн. адамды құрайды, ал 2020 жылы WiMAX дүниежүзілік мобильді байланыс нарығының 20% ала алады (Farpoint Group). Сонымен, бұл технология әлі ұзақ уақыт бойы сұранысқа ие болады.
Сымсыз байланыс локальді желінің негізгі міндеті (WLAN) – ғимарат ішіндегі ақпарат ресурстарына қол жетімділік. Пайдалану сферасында екінші мағынасы – бұл қоғамдық байланыс нүктелерін (hotspots) көрнекті жерлерде ұйымдастыру – қонақ үйлерде, әуежайда, кафеде, және аталмыш мерекелерде уақытша желіні ұйымдастыру.
Сымсыз байланыс локальді желісі IEEE 802.11 стандарты неізінде құрылады. Бұл желілер Wi-Fi (WirelessFidelity) атымен ақ белгілі, стандарттарда әрине көрнекілік үлгіде жазылмаған, Wi-Fi бренд атауы барлық әлем бойынша кең таралған
Сымсыз байланыс технологиясына көп мән беретін өндірушілер сапасының жоғарлауына байланысты,соңғы уақытта оны құрал ретінде пайдаланып,қазіргі замандағы компьютерлік өмірді сымдардан қорғауға мүмкіндік тудырып отыр.
Сымсыз байланыс технологиясын құрастырушылар бірінші мүмкіндіктері сәтсіз аяқталған. Сымсыз байланыстың кең таралуының келеңсіз жағдайы ол ақпараттың қауіпсіздігі.
IP-мекенжайларды тағайындау желі түйініне тіпті үлкен емес өлшемде желі администратор үшін жалықтырған процедураны ұсынуы мүмкін. Dynamic Host Configuration Protocol (DHCP) хаттамасы IP-мекенжайларының тағайындау процессін автоматтандыра отырып, администраторды осы проблемалардан босатады.
DHCP динамикалық мекенжайларды автоматты түрде тарату тәсілін қолдауы мүмкін, сонымен қатар қол және автоматты әдістер мекенжайларды тағайындау статикасы қарапайым. DHCP хаттамасы клиент-сервер моделіне сай жұмыс істейді. Жарыс уақытында DHCP-клиенті болатын компьютер жүйесі желіге кең таралған сұранымды IP-мекенжайды алуға жібереді. DHCP-сервер баға береді және IP-мекенжайы бар хабарлама-жауапты жібереді. DHCP-клиент және DHCP-сервер бір IP-желіде орналасқан деп болжайды.
DHCP-сервер мекенжайын динамикалық тарату бойынша жалға беру уақытымен (lease duration)аталатын шектеулі уақытқа клиентке мекенжайды береді, басқа компьютерге тағайындау үшін бұл IP-мекенжай қайта қолдану соңында мүмкіншілік береді. DHCP негізгі артықшылық - әрбір компьютерде TCP/IP стек нұсқауы бойынша админитратордың кертартпа жұмыс автоматизациясы.
Кейде мекенжайларды динамикалық бөлу IP-жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді, түйін саны IP-мекенжайлар администраторының жарлығындағы бар түйін санынан артық.
Қолмен жасалатын процедурада статикалық мекенжайларда IP-мекенжайлардың жеке мекенжайларға немесе басқа идентификатор клиенттерге сай келу жөніндегі ақпаратты жеткізіп беретін белсенді түрде администраторлар қатысады. DHCP-сервер ақпараттарды қолдана отырып, әрқашанда белгілі тапсырыс берушіге администратор белгілеуімен мекенжай береді.
Автоматты статикалық әдісте DHCP-сервер операторды араласуынсыз IP- мекенжайы нақты IP-мекенжайынан қосып алады. Берілген мекенжай пуласының шекарасын DHCP-сервер нұсқауында қарап, администратор береді. Мекенжай клиентке ылғй қолдану үшін пуладан беріледі, яғни жалға алу уақытын шектемейді. Клиент идентификатормен оның IP-мекенжайының арасында бұрынғыдай тұрақты сай келушілік сақталады. Ол DHCP-сервермен клиенттің бірінші IP-мекенжайы белгіленгенде орнатылады.
DHCP конфигурация жүйесінің TCP/IP сенімді және қарапайым әдіс қамтамасыз етеді, орталық басқарудан мекенжай көшірмесінің болмауына кепіл береді. Администратор мекенжайлар белгілеу процесін «жалға алуды жалғастыру» параметрімен басқарады, DHCP-серверді жалға қайтадан сұрау алдында, копьютер қаншалыққа ұзаққа дейін IP-мекенжайды қолданады.
DHCP хаттамасының мысалы ретінде мына жағдаиды қарастыруға болады, DHCP-клиенті болып табылатын копьютер жүиеден өшіріледі. Осыдан оған берілген IP-мекенжай автоматты түрде босайды. Компьютер басқа жүйеге қосылғанда, оған автоматты түрде жаңа мекенжай беріледі. Пайдалануда, желілік абминистратор бұл процесстерге араласпайды. Бұл қасиет мобильдік пайдаланушылар үшін өте қажет.
DHCP-сервер клиентке IP-мекенжайды белгілеп қана қоймай, сонымен қатар TCP/IP стекінің басқа параметрлеріне, оның тиімді жұмыс істеуі үшін, мысалы, маска, IP-адрес білдірпей сапар желіктеуіш, IP-мекенжайы DNS серверінің, компьютердің домна есімі және т.с.с.
2. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғаудың шаралары мен құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет