14. Гонадотропты гормондарды өндіру орны:
A. Гипофиз;
B.Гипоталамус;
C. Бүйрек үсті безі;
D.Аналық без;
E.Жатыр.
15. Жамбас түбі неден тұрады:
A. Бұтаралық бұлшықеттері мен фасцияларынан;
B.Қынаптан;
C.Қынап кіреберісінен;
D. Қыздық пердеден;
E.Кіші жамбастан шыға беріс жазықтығынан.
16. Қынаптың қышқыл ортасын қамтамасыз етеді:
A. Додерлейн таяқшалары;
B.Лейкоциттер;
C.Шартты-патогенді микрофлора;
D.Гонококк;
E. Қынаптың эпителиі.
17.Жатыр түтікшелерінің сілемейлі қабығы қандай эпителиймен қапталған:
A. Мерцателді;
B.Кубты;
C. Көпқабатты жазық;
D.Бірқатарлы;
E.Цилиндрлі.
18.Акушерлік коньюгата дегеніміз:
A. Сегізкөз мүйісінен симфиздің жоғарғы шетіне дейінгі арақашықтық;
B.Сегізкөз мүйісінен симфиздің сыртқы беткейінің шығып тұратын нүктесіне дейінгі арақашықтық;
C.Сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі беткейінің шығып тұратын нүктесіне дейінгі арақашықтық;
D. Сегізкөз мүйісінен симфиздің төменгі шетіне дейінгі арақашықтық;
E.Сегізкөз-құйымшақ жігінен симфиздің төменгі шетіне дейінгі арақашықтық.
19.Алғаш босанушы М., 24 жаста. Босану үстінде. Толғақ күші - қанағаттанарлық, 12 сағатқа созылуда. Толғақ қысудың басталғанына 50 минут өтті. Нәресте ұзына бойы орналасқан. Басымен келген. Нәрестенің жүрек соғысы қасаға үстінде минутына 142 рет, анық, ырғақты. Қынапты тексеру: жатыр мойны жазылған, толық ашылған, мойын шетіне қол жетпейді. Шарана қабы жоқ. Нәресте басы жатыр түбінде. Жебе тәрізді жік тура өлшемде. Үлкен еңбек алдында, кіші еңбек артында анықталады, екі еңбек те бір деңгейде орналасқан. Осы босануда нәресте басы қалай орналасқан?
A.Шүйдемен келудің артқы түрі;
B.Шүйдемен келудің алдыңғы түрі;
C.Бетімен келудің алдыңғы түрі;
D.Бетімен келудің артқы түрі;
E.Жебе тәрізді жіктің жоғары, тура орналасуы.
20.Науқас А., 38 жаста, анамнезінде 2 босану және 3 аборт. ЖІС (ВМС) контрацепциясына 5 жыл. Етеккір қызметі бұзылмаған. Кезекті етеккірлік циклден 10 күн өткен соң іштің төменгі жағында ауырсыну пайда болған және жыныс жолынан көп мөлшерде іріңді бөлінулер бөлінген, осыған байланысты акушер-гинеколог дәрігеріне қаралған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі мен сілемейі қалыпты. Температура 37,7°С; лейкоциттер - 9,4 x 109/л. Объективті: іші жұмсақ, ауырмайды, перитоналъды симптомдар жоқ. Айнамен қарағанда - жатыр мойны цилиндр пішіндес, цервикальды каналдан ЖІС-дың бақылау жібі және аздап сіліемейлі-іріңді бөліну көрінеді. Қос қолдап тексергенде - жатыр мойнында ерекшеліктер жоқ, жатыр әдеттегіден аздап үлкейген, жұмсақ-эластикалық тығыздықта, қозғалмалы, орташа ауырады, күмбезі терең, сілемейлі-іріңді бөлінулер. Диагноз қойыңыз?
A. Метроэндометрит;
B.Параметрит;
C.Метротромбофлебит;
D.Сальпингит;
E. Пельвиоперитонит.
Достарыңызбен бөлісу: |