1. Сақ-массагеттер парсы патшасы Кирді талқандаған жыл



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі28 Kb.
#115662
1   2   3
Жағдаяттық тапсырма
№2 мәтін бойынша ортағасырлық Сайрам қаласы орналасқан аймағын анықтаңыз
A)Батыс Қазақстан
B)Солтүстік Қазақстан
C)Шығыс Қазақстан
D)Оңтүстік Қазақстан

12. Жағдаяттық тапсырма


Mәнмәтін бойынша ортағасырларда Сауран қаласының гүлдену себебі
A)Астаналық рөлді атқаруы
B)Византиямен сауданың дамуы
C)Жібек өндірісінің дамуы
D)Қазақ хандығының астанасы болды

13. Жағдаяттық тапсырма


№1 мәтін бойынша Сауран қаласының орналасқан аумағын анықтаңыз
A)Оңтүстік Қазақстан
B)Батыс Қазақстан
C)Шығыс Қазақстан
D)Солтүстік Қазақстан

14. Жағдаяттық тапсырма


Mәнмәтін бойынша хронологиялық ретін анықтаңыз
1. Сауранды Рузбихан толық сипаттаған
2. Жошы ұрпағы билігі кезінде Сауран Ақ Орданың астанасы болған
3. Қала туралы бірінші деректер белгілі болды
A)3, 1, 2
B)3, 2, 1
C)2, 1, 3
D)1, 3, 2

15. Жағдаяттық тапсырма


Mәнмәтін бойынша дұрыс дәйектерді анықтаңыз
I. Орта ғасырлық қала маңындағы қыстақтарда диқандар тіршілік етпеген
II. XII ғасырда өмір сүрген белгілі араб тарихшысы Макдиси Сауран қаласын сипаттаған
III. Махмұд Қашғари Сайрам қаласы туралы жазған
A)I
B)I, II
C)I, III
D)III
16. Қазақ–Қытай қатынастары
1756 жылдың жаз айында екі топқа бөлінген қытай әскерлері қазақ даласына басып кірді. Алғашқы шайқас 1756 жылдың мамырында Шаған Оба аумағында болды. Шайқаста қазақтар жеңіліп, батысқа қарай шегінді. Қарқаралы тауларындағы Жарлы өзенінің жағасына күш топтастырған қазақ әскері тағы да жеңіліске ұшырайды. Нұра өзенінің жағасында Қожаберген батыр мен Әмірсананың біріккен қолы да қытайларды тоқтата алмады. Осындай жағдайда Баянауыл тауларына әскер жинаған Абылай Бөгенбайды қолбасшы етіп, қытайға қарсы шайқасқа аттанды. Баянауылдың батысындағы Шідерті өзенінің бас жағында Цин әскерлері зор шығынға ұшырайды. Осы оқиғадан кейін бұл жер Шүршітқырылған деп аталып кетті.
Oсы жылдың қазан айында Нияз таулары маңында Бөгенбай батырдың жасағы қытайлықтармен тағы да шайқасты. Қытайлықтардың «қазақтарды жылдам талқандаймыз» деген жоспары іске аспай, қазақ жерінен кейін шегініп кетті.
1757 жылдың жазында қытай әскері Тарбағатай таулары арқылы тағы да қазақ жеріне басып кірді. Олар біртіндеп Семей бекінісі орналасқан Ертіс бойына дейін жетті. Абылай, Әбілпайыз сұлтандар қытайлықтармен келіссөз жүргізіп, Цин империясымен бейбіт байланыс жасауға мүдделі екендіктерін білдірді. Қытайдың әскери басшылығы мұны мақұлдап, Пекинге қазақ елшілерін жіберуді ұсынды.
1757 жылдың қыркүйегінде Қытайға қазақ елшілері аттанды. Қазақтар Тарбағатайды қазақ қонысы ретінде мойындауын талап етті. Келісім дипломатиялық дәстүрді сақтай отырып жасалғандықтан, екі елдің арасындағы келісім ретінде тарихта қалды.
Aбылай патша өкіметімен де, Қытаймен де бейбіт қатынастарды сақтауға күш салды. Ол өзінің бодандықты мойындайтынын мәлімдегенімен, іс жүзінде екі империяға да бағына қоймаған. Бұл–қазақ елін күшті жаулардан сақтау үшін Абылайдың қолданған саясаты еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет