1.Сақ-массагеттер парсы патшасы Кирді талқандаған жыл
A)
Б.з.б 430 ж.
B)Б.з.б 530 ж.
C)Б.з.б 330 ж.
D)Б.з.б 500 ж.
2.Oртағасырлық Сауран, Созақ, Сайрам қалаларының орналасқан аймағы
A)Оңтүстік Қазақстан
B)Шығыс Қазақстан
C)Батыс Қазақстан
D)Орталық Қазақстан
3.1907 жылы жарық көрген «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабының авторы
A)Шәкәрім Құдайбердіұлы
B)Ыбырай Алтынсарин
C)Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы
D)Шоқан Уәлиханов
4.ХХ ғасыр басында отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді петиция
A)«Әулиеата»
B)«Қарқаралы»
C)«Тайыншакөл»
D)«Жымпиты»
5.Aрабтарға қарсы күресте «Әбу Музахим» («Сүзеген») атанған Түргеш қағаны
A)Білге
B)Сақал
C)Сұлу
D)Үшлік
6.Бұланты өзені бойында болған шайқас
A)«Қалмақ қырылған»
B)«Шаңды жорық»
C)«Бұқар-қазақ шайқасы»
D)«Ақтабан шұбырынды»
7. XVI ғасырдың басында билік құрған
A)Керей
B)Жәнібек
C)Қасым
D)Хақназар
8. Батыс Қыпшақ бірлестігі құрылған аумақ
A)Дунайдан Ертіске дейін
B)Дунайдан Еділге дейін
C)Еділден Тарбағатайға дейін
D)Еділден Алтайға дейін
9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тары өсіруде жоғары нәтижеге жеткен
A)Ш. Берсиев
B)П. Ангелина
C)Н. Алпысбаева
D)А. Дацкова
10. 568 жылы түркілер мен Византия арасында әскери-сауда келісімі жасалды
A)эфталиттерге қарсы
B)ойраттарға қарсы
C)жужандарға қарсы
D)парсыларға қарсы
11. Oртағасырлық қалалар №1мәтін Cырдария бойында дәуірлеген қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер X ғасырдан белгілі. X ғасырда өмір сүрген белгілі араб тарихшысы Макдиси қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран (Сарван, Сабран) – бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс – қамал». XV ғасырдың бірінші жартысында Жошы ұрпағы билігі кезінде Сауран тіпті Ақ Орданың астанасы болған. Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың ханы Сасы – Бұқа жерленген. Астаналық орталық рөлін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші сұлтан билеген. XVI ғасырдағы Сауранды Рузбихан толық сипатталған.
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – А., 1992, 82–83-б №2 мәтін Aрхеологиялық зерттеулерге қарағанда, VI–IX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Қытай жылнамаларында Испиджаб қаласының аты кезігеді. Бұл қала Махмұд Қашғаридің жазуына қарағанда Сайрам деп аталған. Қала казіргі кезде де Сайрам деп аталады. Қала маңындағы қыстақтарда диқандар тіршілік еткен...Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар далада аудандардағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған. Осы кезде (VI–IX ғ.ғ.) жоғарыда аталған аймақтар әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бет бұрады. Екіншіден, қала тұрғындарымен дала тұрғындарының арасында экономикалық байланыс дамиды.
C. Жолдасбайұлы. Ежелгі және ортағасырдағы қазақ елінің тарихы. – Алматы, «Кітап» баспасы, 2010. 178–184-беттер