1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
2-сабақ: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалім мен оқушының көзқарастары.
Мақсаты:
Мұғалімдер топта ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтыстықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі:
Мұғалімдер топта және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылдықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Түйінді идеялар:
Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қарай жүретінін түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.