1-сабақ. Бөлім: «Тарихишындық пен көркемдік шешім» бөлімі


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет29/69
Дата02.12.2023
өлшемі6,11 Mb.
#131820
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 2-тоқсан 9-сынып

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

1-тапсырма:
Өлеңдегі басты кейіпкерлерді атаңдар

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-сұраққа жауап береді



Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..




2-тапсырма:
Өлеңді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
1.Мен, мен едім, мен едім
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шаңыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханшасын
Күңім етсем деп едім.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

  • Түсінік айтады




Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..




3-тапсырма:
 Өлеңдегі Махамбеттің психологиясын анықтап, қандай сезімдері басым болғанын жазыңдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет