Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу туралы видеоролик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады
|
1-Тапсырма
Сақиналар 4 пакетке салынған. Оның бір пакетіндегі сақиналардың әрқайсысының массасы 36 г, ал қалған пакеттердегі сақиналардың әрқайсысының массасы 30 г. Көрсеткіші бар таразымен бір рет өлшеп, әрқайсысының массасы 36 г сақиналар қай пакетке салынғанын қалай табуға болады?
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Сақиналардың қай пакетке салынғанын табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады
|
2-Тапсырма
1. суретте биіктігі 10 см, табанының ауданы 28,26 см2 цилиндр кескінделген.Цилиндр ОО1осі арқылы өтетін жазықтықпен
қиылысқанда тік төртбұрыш пайда болады. Сол тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Тік төртбұрыштың ауданын табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|